Тоқаев Досаевқа Алматы қаласының тұрғын үй қорын жаңартуды тапсырды
Алматы әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысына зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген шығынды өтеу туралы айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Кәсіпкерлік субъектілеріне жедел көмек көрсету үшін оңайлатылған тетік бойынша төлем мөлшері 10 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды, өтініштерді қарау мерзімі екі есеге – 1 айдан 2 аптаға дейін қысқартылды.
Бүгінгі күні тіркелген 1413 кәсіпкердің 755-і өтемақысын алған. 10 наурызға дейін ШОБ субъектілерінен түскен өтініштердің 90 пайызы қанағаттандырылады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың тиімділігін арттыру шаралары ұсынылды.
Мемлекет басшысына қаланың денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту және жалпы білім беретін мектептердегі орын тапшылығын азайту тәсілдері туралы баяндалды.
Тоқаев қаланы қалпына келтіру және кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген залалды өтеу бойынша жұмысты жандандыруды, қаланың инженерлік желілерін жаңарту бойынша ұсыныстар дайындауды және апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлердің санын азайту үшін тұрғын үй қорын жаңартуға баса назар аударуды тапсырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық