Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысымен кездесті
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцариядағы Женева қаласындағы іс-сапар кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті.
Ақорда хабарлағандай, әңгімелесу барысында Қазақстан мен ДДСҰ арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері мен перспективалары талқыланды. Мемлекет басшысы Бас директорға еліміздің пандемияға қарсы іс-қимылдар жөнінде қабылдап жатқан шаралары, оның ішінде қазақстандық ғалымдардың коронавирусқа қарсы әзірлеген препараттары мен халыққа жаппай вакцина салу жұмыстарының жүргізілу барысы туралы мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тедрос Андханом Гебрейесуспен бұған дейінгі кездесулерін еске ала отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанның сенімді әріптесі екенін атап өтті.
— Біз Сіздің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Өкінішке қарай, әлем күрделі кезеңді бастан кешіріп жатыр. Қазір коронавирустің жаңа штамы — «Омикрон» анықталды. Біз індетпен күресте әрдайым бірге болуымыз керек, - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тедрос Адханом Гебрейесуске екінші жаңа QazCoVac-P вакцинасы туралы айтты. Аталған препарат клиникалық зерттеулер фазасына кандидат вакциналар тізіміне енгізілді. Президент қазақстандық вакцинаға қолдау көрсеткені үшін ДДСҰ басшысына алғыс айтты.
Мемлекет басшысы ДДСҰ-ның вакцинаға тең құқықты және әділ қолжетімділікті қамтамасыз етуге ұмтылысын толық қолдайтынын атап өтіп, қазақстандық вакцинаны мұқтаж елдердің бәріне ұсынуға дайын екенін айтты.

Кездесуде халықтың денсаулығын жақсарту үшін халықаралық күш-жігерді жұмылдыру қажет екені айтылды. Осы ретте Мемлекет басшысы денсаулық сақтау жүйесіндегі екі маңызды – алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметпен халықты жаппай қамту бағыттарын біріктіру туралы ұсынысын жеткізді.
Тедрос Андханом Гебрейесус Қасым-Жомарт Тоқаевтың ДДСҰ-ның мақсаттары мен іс-қимылдарына, соның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға байланысты бастамаларына бейілділігі үшін қолдау білдірді.

Ұйымның Бас директоры Президентке өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирусқа қарсы күрес жөнінде қабылданып жатқан шаралар, вирустың жаңа штамдары және пандемияның одан әрі өршу сценариіне қатысты болжамдар туралы мәлімет берді. Тедрос Андханом Гебрейесус осы өлімге соқтыратын аса қауіпті індетпен күресте вакцина салудың аса маңызды екенін атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық