Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің жаңадан сайланған президентімен кездесті
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев 15 мамырда Біріккен Араб Әмірліктеріне келді.
Ақорданың хабарлауынша, жаңадан сайланған Президент, Әбу-Даби билеушісі шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға, билеуші отбасы мүшелеріне және Әмірліктер халқына ел президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты жеке көңіл айту үшін келген ел басшыларының кездесуі Абу-Дабидегі «Қаср әл-Мушриф» сарайында өтті.
— Әмірліктер елдері ішінде де, халықаралық деңгейде де көптеген жетістіктері оның есімімен байланысты. Оның дана басшылығымен БАӘ Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың күшті жақтаушысы болды, сонымен қатар бүкіл араб әлемі үшін қарқынды экономикалық өсу мен әлеуметтік дамудың үлгісі болды. Сондықтан біз оның өлімін БАӘ үшін ғана емес, бүкіл әлем қауымдастығы үшін орасан зор шығын деп қабылдаймыз, - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президентімен кездесуінде.
Қазақстан басшысы шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның Қазақстан-Әмірлік қатынастарын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Біріккен Араб Әмірліктері Президенті өз кезегінде Қазақстан басшысына осы қиын сәтте келген сапары және жеке қолдауы үшін алғысын білдірді, сондай-ақ Қазақстан астанасындағы бір көшеге Шейх Халифаның есімі берілетіні үшін жылы лебізін білдірді. Мемлекет басшысы БАӘ Президентін Қазақстанға келуге шақырғанын растады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық