Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасарын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Амина Мұхаммедті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары қарастырылды. Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу, климаттың өзгеруіне қарсы күрес, пандемияға қарсы іс-қимыл және гендерлік теңдік пен адам құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен күш-жігерге ерекше назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Амина Мұхаммедке ілтипат білдіре отырып, лауазымды қызметке қайта сайлануымен құттықтады. Оның бұл сапары еліміздің тарихындағы бетбұрыс кезең – жалпыұлттық референдум өткізумен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Сондай-ақ референдум қорытындылары Жаңа Қазақстанды құру ісіне кірісуге мүмкіндік беретінін айтты.
Президент көпжақтылық қағидаты мен халықаралық дипломатияны қалыптастырып, дамытуда дүниежүзілік ұйымның ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның БҰҰ-мен арадағы ынтымақтастықты одан әрі жан-жақты нығайтуға бейілді екеніне тоқталып, оның жаһандық проблемаларды шешу жөніндегі күн тәртібін толық қолдайтынын жеткізді.
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жаңа күн тәртібін әзірлеу үшін 2023 жылы жоғары деңгейдегі «Болашақтың саммитін» шақыру туралы бастамасын құптады.
Мемлекет басшысы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мұқтаж елдерге гуманитарлық көмек көрсету үшін Қазақстан тарапынан қабылданып жатқан шешімдер туралы айтты.
Өз кезегінде Амина Мұхаммед Мемлекет басшысына БҰҰ Бас хатшысының жүрекжарды сәлемін жеткізді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды қолдайтынын айтып, референдумның сәтті өтуімен құттықтады.
БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Қазақстан мен БҰҰ-ның 30 жыл ішінде орнатқан көпжақты серіктестігінің деңгейіне жоғары баға берді.
Әңгіме барысында Ауғанстан мәселесі қарастырылды. Амина Мұхаммед Ауғанстанды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қайта қалпына келтіруге байланысты проблемаларды шешуде халықаралық күш-жігерді жандандырудың маңызды екенін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық