Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Мереке дәстүрлі түрде шілденің бірінші жексенбісінде тойланады. Биыл ол шілденің 3-не тура келіп тұр. Домбыра күні 2018 жылы Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын мерекемен құттықтады. Ақорда сайтында жарияланған құттықтауда бұл Қазақстан үшін ерекше мереке екені атап өтілген. Ұлы даланың төл дәстүрі тамырын тереңге жайып, өскелең ұрпақтың төл мәдениетін терең ұғынуына септігін тигізеді.
Құрметті отандастар!
Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – еліміз үшін ерекше мейрам. Оны ел болып атап өту арқылы халқымыздың рухын көтеріп, танымын арттырамыз. Сондай-ақ, ұлы дала дәстүрлерін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, төл өнеріміздің құдіретін танытамыз.
Шын мәнінде, қазақтың қара домбырасы – ұлтымыздың бойтұмары. Оның үні әрқайсымыздың жүрегімізге жақын. Өйткені, қазақ пен домбыра – бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын егіз ұғым. Академик Ахмет Жұбанов «Домбыра – көшпелі елдің көнекөз шежіресі» деп бекер айтпаған. Қастерлі аспаптың қос ішегіне халқымыздың бүкіл болмысы сыйып тұр.
Сонау Кетбұғадан бері жалғасып келе жатқан дәулескер күйшілеріміздің мол мұрасы – баға жетпес рухани байлығымыз. Біз төл өнерімізді дәріптеу арқылы асыл құндылықтарымызды ұлықтай түсеміз.
Қазір Жаңа Қазақстанды құруға кірістік, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруды қолға алдық. Өркениетті ел болу үшін жаңа дәуірдің жақсы үрдістерін бойға сіңіру жеткіліксіз. Сонымен бірге, салтымызды сақтап, еңбекқорлық құндылықтарын кеңінен дәріптеп, бабалар жолын берік ұстанамыз.
Ендеше, жұртымызбен бірге домбыра да мәңгі жасайды. Күй өнері азаттық рухын ұрпақтан ұрпаққа жалғастырады.
Домбыра әр шаңырақтың төрінде тұрсын! Еліміздің мерейі тасып, абыройы асқақтай берсін!, - делінген құттықтауда.
Жаңалықтар
- Қостанайдағы интернатта 14 жастағы бала көз жұмды: Қызметкерлер аптап ыстық пен кондиционердің жоқтығына шағымданды
- Алматы көшелерінде автобустар не үшін қаңтарылып тұр?
- Тәжікстанда қара хиджабқа тыйым салынып, сақалдыларға бақылау күшейді
- Іздеуде болған мерзімді әскери қызметші ұсталды: Ол әскери полицияға не айтты?
- Жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныс аударғандарға 7 миллион теңгеге дейін төленеді
- Алматы маңында жер сілкінді
- Сурхандарияда қызын қорлап, нәжіс жеуге мәжбүрлеген әкеге қылмыстық іс қозғалды
- Елімізде небәрі 240 адам тұратын ең аз ұлт қайсы?
- «Семей орманы» резерватындағы ірі өрт екі аптадан кейін толық сөндірілді
- Жарты жылда жеті адам қаза тапты: Жамбыл облысында өндірістегі жазатайым оқиғалар неге әлі де тоқтамай тұр?
- Футболдағы әлемдік жанжал: Трамп күйеу баласы арқылы додаға қол салды
- Жапониядағы күшті жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты, дүмпулер қайталануы мүмкін
- АҚШ пен Сауд Арабиясы Ирактағы Иран қолдайтын террористік нысандарға соққы берді
- Трамп пен Зеленский Ақ үйде жабық кездесу өткізді
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты
- Түрмеде қап тіккен «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
- Бектенов Алматы облысы әкіміне: «Сізді тыңдасақ – өзіңізден басқаның бәрі кінәлі екен»