Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы туралы айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әңгіме барысында көшбасшылар Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын жан-жақты талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев күрделі геосаяси ахуалға қарамастан Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі – Ресеймен арадағы ықпалдастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
– Құрметті Владимир Владимирович, мен Сіздің осы беделді форумға қатысуға шақыруыңызды ықыласпен қабылдадым. Сіздің баяндамаңызды мұқият тыңдадым. Мазмұны мен көлемі жағынан бұл баяндамаңыз халыққа арналған тұтас жолдауға тең келеді. Аудитория мұны өте жылы қабылдады. Бұған пікір білдірушілер де аз болмайды деп ойлаймын. Екіжақты ынтымақтастыққа келер болсақ, алаңдаушылыққа негіз жоқ. Бәрі қалыпты жағдайда. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салалары бойынша нақты жобалар жүзеге асырылып жатыр. Инвестициялық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Биыл ерекше жыл – дипломатиялық қатынастарымызға 30 жыл. Екіжақты ынтымақтастықты дамыту тұрғысынан елеулі жетістіктерге қол жеткіздік. Бұл бағыттағы қарым-қатынастарымыз одан әрі қарқынды дами береді деп ойлаймын, – деді Тоқаев.
Өз кезегінде Ресей Президенті екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар одан әрі нығая беретінін айтты.
– Петербург экономикалық форумына келгеніңіз үшін көп рахмет. Біз үшін елдеріміз арасындағы ерекше қатынастарды атап өту және өзіңізбен негізгі бағыттар жөнінде, әсіресе экономика саласы бойынша пікір алмасу маңызды. Жаңа ғана форум аясында осыны айттық. Айтпақшы, осы форумда 7 миллиард деп қате айтыппын. Қазақстан экономикасына салынған инвестиция 17 миллиард доллар. Тауар айналымы артып келеді. Сіз жаңа ғана бұл туралы айтып өттіңіз. Былтыр осы көрсеткіш 25 миллиард доллар болса, биыл алғашқы үш айда 12 миллиардтан асқан. Егер осындай қарқынмен дами берсе, рекордтық көрсеткішке қол жеткіземіз. Биыл елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл. Алдымызда өңірлік форум бар. Жалпы үкіметтеріміз белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, – деді Владимир Путин.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық