Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл басқосуын өткізді
Фото: Ақорда
Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесі өтті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Жиында ұлттық қауіпсіздіктің бірқатар өзекті мәселесі қарастырылды. Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бірінші кезектегі міндет екенін атап өтті.
Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов «қасіретті қаңтар» оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарының барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта 3024 қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Арнаулы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктер мен террорлық актілер бойынша 177 істі қарап жатыр.
– Прокуратура органдарының мәліметі бойынша 779 адам қамауда отыр. Олардың арасында ұйымдасқан қылмыстық топтардың 24 мүшесі бар. 113 адам кісі өлтіру, ұрлық, тонаушылық және қарақшылық әрекеттері үшін бұрын сотталған. Ұсталғандардың тұлғалары анықталған соң, сондай-ақ денсаулық жағдайларына байланысты және басқа да материалдар бойынша 109 азаматтың қамауға алу жазасы кетіп қалмау жөніндегі қолхатпен және жеке кепілдік берумен алмастырылған. Прокурорлар азаматтардың тәртіпсіздікке қатысы бар екені дәлелденбегенін негізге ала отырып, тағы да 103 адамды босатқан. Ұсталғандарды азаптау туралы әрбір хабарлама жіті тексеріледі. Прокурорлар адвокаттармен, құқық қорғаушылармен және Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен әрдайым байланыста. Оларға тергеу изоляторларына, уақытша ұстау изоляторларына және ұсталу себебін анықтайтын арнаулы орындарға кіруге мүмкіндік берілген. Жалпы прокуратураға ұсталғандар тарапынан 305 шағым түскен. Құқық бұзушылыққа қатысты 62 шағым расталмады. Азаптау және билігін асыра пайдалану дерегі бойынша 170 қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.
Президент қаңтар оқиғасы бойынша мұқият және шынайы тексеру жүргізу, ұсталған азаматтардың құқықтарын қорғау, тексеру барысы туралы халыққа уақтылы ақпарат беру жөнінде мемлекеттік органдарға тапсырма берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық