Тоқаев Ауғанстандағы жағдайға байланысты жиын өткізді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдайға байланысты күштік құрылымдар басшыларының басын қосып, жиын өткізді.
Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Orda.kz.
— Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткіздім. АИР-дағы азаматтарымыз бен дипломаттарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бердім. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Ахуал мұқият бақылауда, - деп жазды ел президенті.
Ауғанстаннан америкалық әскерилер шығарылғаннан кейін жағдай ушықты. Осыған байланысты бұйрықты АҚШ президенті Джо Байден сәуір айының ортасында берген. Тиісті бұйрық орындала бастағаннан кейін тәліптер Ауғанстанның бірқатар аймағын басып алды. НАТО жасағы мен америкалық әскерилердің соңы шілденің басында елден кетті.
Қазіргі күні Ауғанстандағы «талибан» күшейіп келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы деректерге сәйкес, олар Иран, Қытай, Пәкістан, Тәжікстан мен Түркіменстан шекараларын қоса алғанда, ел аумағының 90 пайызын жаулап алды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық