Тоқаев Алматыдағы жол-көлік оқиғасын тергеуді өз бақылауына алды
54 жастағы мас жүргізуші УАЗ көлігімен жол жиегінде тұрған оқушы қыздарды қағып кеткен. Олардың екеуінің жағдайы ауыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында мас жүргізуші төрт баланы басып кеткен жол-көлік оқиғасын тергеуді өз бақылауына алды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
— Президент Алматы облысында мас жүргізуші төрт кішкентай қызды қағып кеткен оқиғаны тергеуді бақылауына алды. Олардың екеуі ауруханада ауыр халде жатыр. Мемлекет басшысы бұл жөнінде жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды. Жүргізуші заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Қыздар мен олардың ата-аналарына көмек көрсетіледі, деп жазды Берік Уәли Facebook-те.
Полиция департаментінің айтуынша, апат 2 наурыз күні Қорам ауылында болған. 54 жастағы ауыл тұрғыны мас күйінде УАЗ автокөлігімен жолда тұрған 8 және 9 жастағы екі қызды қағып, құлатып кеткен.
Алған соққыдан түрлі дене жарақаттарымен үш бала Шелек аудандық ауруханасына жатқызылды. Бір қызға үйге баруға рұқсат етілді, ол ауыр жарақат алмады.
— Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деді полиция.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық