Тоқаевқа жеңіс күніне орай құттықтаулар толассыз келіп жатыр
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай шет мемлекеттер басшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр.
Ресей Президенті Владимир Путин өзінің құттықтау хатында әкелеріміз бен аталарымыздың, сансыз құрбандардың ерлігін есімізде сақтау, ардагерлерімізге қамқорлық көрсетіп, оларға әрдайым көңіл бөлу біздің ортақ парызымыз екенін жазған. Владимир Путин сұрапыл соғыс жылдарында шыңдалған бауырлас достық пен өзара қолдау дәстүрлері Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың сенімді негізі болатынын айтқан.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің жеделхатында 9 мамыр — біздің халықтардың батырлығы мен ерлігін, олардың бейбітшілік, бостандық және өзара ынтымақтастық үшін қаһармандық күресін білдіретін айтулы күн делінген.
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров біздің халықтардың өмірінде ерекше орын алатын жеңіс күні мәңгі ерлік пен бірліктің символы болып қала беретінін баса атап өткен.
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон 9 мамыр мемлекеттеріміздің қазіргі тарихындағы айтулы дата екеніне тоқталып, бұл күні жауға қарсы жанқиярлықпен соғысқан бабаларымыздың көзсіз ерліктерін, батылдығы мен отансүйгіштігін және қайсарлығын еске аламыз деген.
Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов жеделхатында бабаларымыздың ұлы ерлігі мәңгі ұмытылмайтынына және оның екі ел арасындағы достық қатынастар мен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың берік негізі болатынына сенім білдірген.
Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыр сынаққа абыроймен төтеп берген халықтарымыздың достық дәстүрі мен көрсеткен өзара қолдауы екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі дамып, нығаюының мықты іргетасы болатынына сенім білдірген.
Беларусь Президенті Александр Лукашенко өз жеделхатында батыр бабалардың рухына тағзым ету олардың ерліктеріне көрсеткен құрметіміз екенін атап өтіп, мұның өзара ынтымақтастықты арттырудың берік негізі болатынын және қазіргі әлемнің сын-қатерлеріне тиімді төтеп беруге мүмкіндік беретінін жеткізген.
Армения Президенті Армен Саркисян екі ел халықтарының соғыс кезінде шыңдалған достығы Армения мен Қазақстан арасындағы байланыстарды әрі қарай дамытуға қызмет ете беретініне сенім білдірген.
Армения Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян өз құттықтауында ортақ қаһармандарымыздың есімдерін ұлықтау Армения мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты екі халықтың игілігі үшін дамытудың басты бағдары болады деп сенетінін айтқан.
Жеңіс күні мерекесіне орай Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев, ТМД Атқару комитетінің төрағасы - Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев, ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович, Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузов және Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин құттықтау жеделхаттарын жолдады.
Жеделхаттар әлі де толассыз келіп түсуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық