Тоқаев қаңтар оқиғасында қаза тапқандарды еске алды
Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде қаңтар оқиғасында қаза тапқандарды еске алу рәсімі өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Әзірет Сұлтан» мешітінде болып, қаңтар оқиғасында қаза тапқандарды еске алу рәсіміне қатысты. Қазақстан Президенті оқиғадан бері 40 күн өткенін еске салды.
Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы еске алу дұғасын оқығаннан кейін сөйлеген сөзінде биыл халқымыз ауыр сынақтарға тап болғанын атап өтті.
— Мемлекеттің тұтастығына, азаматтардың қауіпсіздігіне, елдің болашағына қауіп төнді. Біз лаңкестердің бетін қайтарып, олардың шабуылын тойтардық. Өкінішке қарай, бұл аласапыран көптеген азаматтардың өмірін қиды. Бұл нағыз трагедия. Менің тапсырмам бойынша тиісті органдар осындай әрбір жағдайды жан-жақты тексереді. Мен үшін адам құқығын қорғау мәселесі өте маңызды. Болған келеңсіз оқиғалар бүкіл елді дүр сілкіндірді, - деді Тоқаев.
Ол оқиғаға байланысты Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланғанын және 40 күн өткенін еске салды.
— Қайғылы оқиғадан бері 40 күн өтті. Мен мешітке қаза болғандардың рухына дұға бағыштау үшін келдім. Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына тағы да көңіл айтамын. Мемлекет сіздерді қиындықта жалғыз қалдырмайды. Орны толмас шығынға ұшыраған отбасыларға материалдық көмек көрсетуді тапсырдым, – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев зардап шеккендерге «Қазақстан халқына» қоры да қайырымдылық көмек көрсететінін айтып, алдағы уақытта мұндай қайғылы оқиғаның алдын алу үшін барлығын жасайтынына сендірді.
— Біз халқымыздың бірлігі мен ынтымағын бұзуға жол бермейміз. Бұл мемлекеттің ғана емес, барша азаматтардың ортақ парызы. Мұндай қайғылы оқиға қайталанбауы керек!, - деді Мемлекет басшысы.

Қанды қаңтар 200-ден астам адамның өмірін қиды, жүздеген қазақстандық жараланды, екі мыңнан астам адам тұтқынға алынды. Митингтер Жаңаөзенде басталып, бірнеше күннен кейін талап қойылған шерулер бүкіл елде орын алып, соңы қиратулар мен тәртіпсіздіктерге ұласты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық