Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстаннан кету туралы ұсыныстар болғанын айтты
Қазақстандағы қаңтар оқиғалары кезінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы резиденциясында болған және елден кету туралы кеңес берілгеніне қарамастан, соңында дейін қалуды дұрыс деп санаған.
Бүгін сәрсенбі күні Тоқаевтың Ресейдің «Россия 24» телеарнасына берген сұхбаты көрсетіледі. Арна сұхбаттың алдын ала аңдатпасын жариялады.
– Барлық төңкерістердің мақсаты, басқа адамдардың билікке келуі дейік. Маған келетін болсақ, сол күндері (қаңтар оқиғалары) осында, президент резиденциясының ғимаратында болдым, ешқайда кеткен жоқпын. Осында түнеп шықтым, – деді Тоқаев арнаға берген сұхбатында.
Тоқаевтың сөзінше, ол тәртіпсіздік басталғаннан сәттен бастап ел астанасынан кетпейтінін ашып айтқан.
– Маған кейбір «жолдастар» тікұшаққа немесе ұшаққа отырып, Қазақстаннан кетуді ұсынды. Әлбетте, ол менің жоспарымда болмады және соңына дейін осында болуым керек деп ойладым, – деп түсіндірді мемлекет басшысы.
Сонымен қоса белгілі журналист Махамбет Әбжан жоғары шенді шенеуніктің сөзіне сілтеп, Ақордада болған бір оқиға туралы жазады. Қаңтар оқиғалары кезінде шенеунік Тоқаевты Ақордадан кетуге шақырған, себебі мемлекет басшысының өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнген кезең болған. Бірақ президент бұл ұсыныстан да бас тартқан.
– Кетпеймін. Осында қаламын. Өлтірсе, осында өлтірсін, – деп президент өз резиденциясында қалған.
Шенеунік бұл сөздерді Тоқаевтың қазақ тілінде айтқанын жеткізген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық