Тоқаев АҚШ елшісі Уильям Мозерді қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозерді елдегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады. Ақпарат Ақорда ресми сайтында жарияланды.
Кездесу кезінде Тоқаев Қазақстан мен Америка арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейтуге қосқан үлесі үшін америкалық дипломатқа алғыс айтты.
– АҚШ елшісі ретінде атқарған қажырлы еңбегіңізге ризашылығымды білдіремін. Құрама Штаттар – Қазақстанның Тәуелсіздігін алғаш боп мойындаған елдердің бірі. Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз, – деді президент.
Тоқаев достас екі ел халықтарының игілігі жолында Қазақстанның АҚШ-пен арадағы конструктивті ынтымақтастығын кеңейтуге бейілді екенін нақтылады.
Уильям Мозер Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалады. Сонымен қатар америкалық дипломат Вашингтонның Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ниетті екенін жеткізді.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастыққа және аймақтық күн тәртібіне, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Уильям Мозерге алғыс төсбелгісін табыс етіп, алдағы дипломатиялық қызметіне жетістік тіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық