Тоқаевқа Мәсімов пен Сатыбалдыға қатысты істер хабарланды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Тоқаевқа қылмыстық істерді, оның ішінде ҰҚК-нің бұрынғы басшылығына қатысты тергеу барысы туралы баяндалды.
— ҰҚК қабылдаған шараларға сәйкес, 1769 қару, 273 граната және 49 303 оқ-дәрі, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған заттар заңсыз айналымнан алынды. Есірткі бизнесімен күрес аясында алты есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды. 10 халықаралық және 11 өңірлік есірткі арналары жойылды. Олардан 404,5 келі есірткінің әртүрлі түрлері мен екі тоннадан астам прекурсорлар* тәркіленді, - деді Сағымбаев.
Агенттік қызметінің қорытындылары туралы баяндаған ҰҚК басшысы мемлекеттік шекараны қорғау саласында 2225 құқық бұзушы анықталғанын айтты.
— 500 млн теңгеден астам сомаға валюта, 1,3 млрд теңгенің халық тұтынатын тауарлары, 25 млн теңгенің жанар-жағармай материалдары заңсыз айналымына жол берілмеді. 57 аумақтық кіру режимін бұзушы әрекеті тоқтатылды. 98,7 браконьерлік құралдар алынды. Алдын ала есептелген шығын 500 млн-нан астам теңгені құрады, - деп толықтырды ведомство басшысы.
* ҚР бақылау жасалуға тиісті есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімінде аталған есiрткi және психотроптық заттарды өндіру, дайындау, өңдеу кезінде пайдаланылатын, ҚР заңнамасына халықаралық шарттарына сәйкес бақылау жасалуға тиісті заттар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық