Тоқаев 162 адам байлықтың жартысына ие екенін айтты
Фото: ВЫХОД К ПРАВДЕ телеграм-арнасы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайтынын айтып, жағдайды тез арада өзгерту керектігін мәлімдеді.
Сондай-ақ, 2020 жылы ұлттық табыс құрылымында ең жоғары үлесті бизнестің кірісі – 61,5 пайыз алатынын атап өтті.
– Салықтың үлесі 7,3 пайызды құраса, қазақстандықтардың жалақысы үштен бір бөлігіне де жетпейді. Бұл өте аз. Мәселен, Ресейде экономиканың ұқсас құрылымына қарамастан, жалақы 46,7 пайызды құрайды, яғни біздің елмен салыстырғанда 1,5 есе көп.
– Бұл жерде теңгерімсіздік пен әділ бөлудің мәселесі бар. Байлықтың жартысы 162 адамға ғана тиесілі, ал халықтың жартысы табысы 50 000 теңгеден аспайтынын алға тартады. Бұл жылына 1300 доллардан сәл ғана асады. Мұндай ақшаға өмір сүру мүмкін емес, жағдайды шұғыл өзгерту керек, - деді мемлекет басшысы бизнес өкілдерімен кездесуінде.
Сонымен қатар, Президент Тоқаев байлар мен кедейлер арасындағы алшақтыққа жол беруге болмайтын деңгейге жеткенін мәлімдеді. Ол елдің экономикалық өсімінен шектеулі элиталық топтардың пайда көре бастағанын, ал көпшіліктің кірісі азайып немесе тоқырауда екенін атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық