«Титушка емеспін». Боксшы Ыбрайымов депутат болды
Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов Алматы қаласы мәслихатының депутаты болды. Ол депутаттық мандатқа биліктегі «Нұр Отан» партиясының атынан ие болған.
Партия бекіткен тізімде Ермахан Ыбрайымовтан бөлек 28 адам бар.
Ыбраймов мәжіліс пен мәслихат сайлауы өткен 10 қаңтар күні Алматының орталық алаңында билікке қарсы наразылыққа шыққан бір топ азаматты «сабырға шақырушылардың» қатарында болған еді. Ол сол кезде белсенділердің плакатын жыртып, кейбірінің жағасына жабысқан. Ал наразы топ оған «Ермахан, сатқын" деп айқайлаған.
Боксшының осы әрекеті қоғамда өткір сынға ұшырады. Әлеуметтік желіде оны алаңға биліктің бұйрығымен арандату мақсатында барған «титушка» деп атағандар да болды. Ал Ыбрайымов Malim.kz cайтына берген сұхбатында өзінің «титушка» емес екенін және алаңға кездейсоқ барып қалғанын айтқан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық