«Титаниктің тұмсығы мүжіліпті»: Соңғы эспедицияда табылған жәдігерлер
Фото: RMS Titanic Inc
Атлант мұхитының түбінде ғасырдан астам уақыт жатқан әйгілі «Титаниктің» тұмсығы мүжіле бастады деп хабарлайды Orda.kz.
BBC жақында жүргізілген экспедиция кеме қирандылары құрылымында елеулі өзгерістер болғанын анықтады деп жазады. Джек пен Роузды түсірген танымал көріністе көрінген тұмсық бөлігіндегі көпшілікке таныс жерлер толығымен су астына шөгіп кеткен.
Бұл өзгерістерді осы жазда RMS Titanic Inc компаниясы ұйымдастырған суасты робот сүңгулері анықтады. Фотосуреттер мен цифрлық сканерлеу бұрынғы тұрған бөліктерінің толығымен бөлініп, теңіз түбіне кеткенін көрсетті.
«Титаниктің тұмсығы – бұл символ. Мәдениет те әрдайым апатпен байланысты болатын белгі. Енді оның көрінісі мүлде өзгерді», – деп атап өтті RMS Titanic Inc компаниясының жинақтар бойынша директоры Томасина Рэй.
1912 жылдың сәуірінде айсбергпен соқтығысып, 1500 адамды тағдырдың тәлкегіне ұшыратқан «Титаник» кемесінің қирандылары біртіндеп мүжіліп, тоттана бастапты. Металдар жоғалып барады. Жұрт білетін жерлер де бірге құрып барады.
Алайда экспедиция ашқан жаңалығы мұнымен шектелмеді. Ғалымдар бұрын жоғалып кеткен «Диана Версальская» атты қола мүсінді тапты. Ол кезінде «Титаниктің» бірінші класты залына сән беріп тұрған мүсін еді. Бұл артефакт кеме қирандылары арасынан табылды. Кезінде сәні мен салтанаты келіскен кеме тарихынан сыр шертетін жәдігердің шоқтығы биік болған.
RMS Titanic Inc компаниясы келесі жылы апат болған жерге қайта барып, басқа да заттарды жер бетіне шығаруды жоспарлап отыр. Дегенмен, суасты қалдықтарын сол күйі қалдыру керек дегендей әңгіме де болып жатыр. Өйткені олар көпшілік үшін ескерткіш саналады.
«Диана Версальская – көруге және бағалауға лайық өнер туындысы», – дейді зерттеуші Джеймс Пенка.
Ол мүсінді жер бетіне қайтару жай ғана тарихты сақтап қалу емес, «Титаник» апатын және оның мәдени мұрасын қайтадан еске алып тұру екенін атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық