Тірідей өлгендер: адвокат өзінің қайтыс болғаны туралы хабарлама алды
Өскемендік адвокат өзінің қайтыс болғанын БЖЗҚ-ға жарна жасамақ болған кезде банктік өтініш арқылы білген.
Қала тұрғыны өзіне міндетті зейнетақы жарнасын аударған, бірақ жеке тұлғалардың деректер базасында төлеушінің «қайтыс болғаны» туралы ақпарат болғандықтан, төлем кері қайтарылған.
Адвокат әлеуметтік желідегі парақшасында басынан өткен сұмдық оқиғамен ашық бөлісті.
«Менің жағдайымды елестетіп көріңіз: мен өзімнің қайтыс болып кеткенім туралы жазбаша хабарлама аламын, мен өліп қалыппын! Осы жағдайда маған зейнетақы қорына жасайын деген төлем ретіндегі 7 000 теңге кері қайтарылды. Бұл не сұмдық, сонда?!» деп жазды адвокат.
Ол бұл жағдайды шешуге тырысқан. Адвокаттың айтуынша, ол жүйеде ақау барын анықтаған.
«Бәрінен бұрын, менің шеке тамырым тырысып қалды.. Бастысы бұл бағдарламаның әдеттегі қателігі болып шықты...» деп бөлісті ол жазылушыларымен.
Ал, Әділет министрлігі Orda.kz тілшісіне ер адамның өзі қателескенін айтты.
«Біз төлем тапсырмасын жіберген кезде осындай бас тарту аламыз. Ер адам төлеушінің ЖСН-ін дұрыс көрсеттім деп ойлады, бірақ қызметкер ЖСН-ің соңғы санын дұрыс енгізбеген. Қате жазылған ЖСН нөмірі қайтыс болған адамға тиесілі болған» деп түсіндірді Әділет министрлігі.
Еске салсақ, осындай, тіпті одан да ауыр зардаптары бар жағдайлар Қазақстанда жиі орын алады. Мәселен, Ақтөбеде № 4 қалалық емхананың дәрігері абайсызда 68 жастағы Ромахан Кенжебаевты қайтыс болғандардың қатарына жазып жіберген. Ол да өзінің тірілер қатарында жоқ екенін науқас парағын алу қажет болғанда - учаскелік дәрігерінен білген. Ал Таразда 59 жастағы қала тұрғыны осыдан жиырма жылға жуық уақыт бұрын «қайтыс болғанын» аяқ астынан біліп, шалқасынан түскен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық