«Тіпті тамаққа ақшасы жоқ»: Қытай еліне ұл туған қазақстандық суррогат аналар жер сипап қалды
Фото: Pexels
Грузияда Қытайдан келетін тұтынушыларға суррогат ана тауып берумен айналысқан компанияға қатысты тағы бір жанжал шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақпан айының басындағы тергеулерде Babycam Medical Consulting Group деген грузиндік және қытайлық кәсіпорынның алаяқтық әдістері әшкере болған еді.
Бұл топ алаяқтық жолымен Таиландтан және АҚШ-тан келген әйелдерді суррогат ана болуға мәжбүрлап, оларға әрбір донорлық жасуша үшін 300–500 доллар, ал сәби туған кезде шамамен 11 мың доллар төлеуге уәде берген.
Тағы бір жанжал «Киндерли» деген грузиндік компанияға қатысты. Онда негізінен Қазақстан және Орталық Азия мемлекеттерінен келген әйелдерді суррогат ана ретінде пайдаланған. Кейбірі аталған компаниядан төлем ала алмай жатыр. Әйелдердің айтуынша, алаяқтардың саны оншақты.
Наталья — алаяқтарға алданған аналардың бірі. Оның айтуынша, Қазақстандағы туыстарының ешқайсы суррогат ана болғанын білмейді. Сондықтан ол бет-жүзін көрсетпеуді сұрады. Суррогат ана атанған әйел қаражаттан қысылған соң осы жолға түскен. «Киндерли» компаниясының жарнамасын әлеуметтік желіден көрген. Ешқандай алаяқтыққа жол жоқ деген уәдеге сенген. 16 мың доллар ақы және Тбилисиге келіп-кетуге кеткен жол шығындары төленетін болды.
Шартқа қол қойғаннан кейін, 16 мамырда Наталья Тбилисиге келді, сонда жатырына эмбрион салынып, ақыры босанған. Алайда шілде айында анасының өліміне байланысты Қазақстанға кетуге мәжбүр болған. Сосын кейінірек Тбилисиге қайта барған. Алайда «Киндерли» басшылығы келісімшарт бұзылды деген сылтау айтып, төлем жасаудан бас тартқан.
«Киндерли» өкілі Русланның сұранысымен кеңсеге келдім. Онда ол: «Қазақстанда көп жүрдің. Енді түсік жасат, тазаланып ал да Қазақстанға қайта кет» деп айтты», — дейді Наталья.
Наталья 31 қаңтарда ұл туды. Келісімге сәйкес, сәбиге ат бере де алмайды. Нәресте Қытайдағы тапсырыс берушіге беріледі. Қазақстандық келіншек енді ең болмаса атқарған жұмысының ақшасын аламын деген үмітте. Сонымен қатар, оған босанғаннан кейін медициналық көмек қажет, алайда «Киндерли» басшылығының мұнымен шаруасы да жоқ.
«Отадан кейін жара жазылмай, тігілген жері сөгіліп жатыр. Медициналық көмек қажет. Бұл өте қауіпті іс. Біз мұндай ауқымдағы топты бұрын-соңды көрмедік. Бұл — нағыз халықаралық топ», — дейді «НеМолчи.kz» қорының басшысы Дина Смаилова.
Суррогат ана атанып, ақшасын ала алмаған әйелдердің саны жаз басталғалы артқан. Көбі алаяқтардың уәделеріне сеніп, енді сан соғып отыр.
Солардың бірі — Анастасия Поколнишко. Анастасияның айтуынша, ол төлемді былтыр қараша айынан бері ала алмай жүр. Компанияның оған 12 мың доллар қарызы бар.
«Мен оларға күнде жазып, күнде сұрап жатырмын. Алайда олар: «Кешіріңіз, шешеміз, шешеміз» дегенді ғана айтады. Мен оларға: «енді бұл жай төлем ғана емес, моральдық өтемақы болуы қажет. Өйткені үш ай бойы қаражат ала алмадым!» десем, олар тағы шешетіндерін айтып бәйек болады. Қазір кейбір қыздарға екі апта бойы айлықтары төленбеді. Олардың тіпті тамаққа да ақшасы жоқ», — Анастасия Поколнишко.
«Киндерлидің» алаяқтығына ұрынған Қазақстан азаматтары Грузиядағы Қазақстан елшілігіне де көмек сұрап хабарласқан. Дипломаттар оларға сотқа жүгінуге кеңес берді.
«Радио Свобода» тілшілері Тбилисидегі «Киндерли» кеңселеріне келіп, қанша суррогат ана бар екенін және неліктен төлемдердің төленбей жатқанын сұрады.
«Біз тілшілерге есеп беруге міндетті емеспіз. Компанияның негізін қалаушы және басшысы да кеңседе жоқ», — деп жауап беріпті Софио Гаспарова есімді компанияның өкілі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық