Тимур Құлыбаев өз-өзіне 35,6 млрд теңге сыйақы тағайындады
«Каспий нефть» АҚ-ның жалғыз акционері Тимур Құлыбаев өзіне 2022 жылдың алғашқы үш тоқсанында рекордтық 35,6 млрд теңге көлемінде дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлады.
Бір жай акция құны 356 мың теңге тұрады. Дивидендтер дауыс беру қорытындылары туралы есепке сәйкес, 2022 жылдың 21 қарашасынан бастап төлене бастады.
Сол құжатқа сәйкес, ақшалай дивиденд компанияның жалғыз акционері «Joint Resources» АҚ есеп айырысу шотына түседі.
«Joint Resources» АҚ-ның иесі – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динараның күйеуі Тимур Құлыбаев.
Бір қызығы, «Joint Resources» АҚ құрылтайшысы электронды үкімет порталында жасырылған, онда тек құрылтайшылардың саны ғана көрсетілген. Дариға Назарбаева өзінің жақын туысымен ашық сыр бөлісіп, оған «Қоғамдар мен серіктестіктер туралы» заңды айналып өтуді үйреткен көрінеді.
Дегенмен, «Kompra» контрагенттік сараптама қызметінің мәліметі бойынша, Тимур Құлыбаев әлі күнге дейін «Joint Resources» АҚ жалғыз акционері болып қалды.
2019 жылы «Каспий нефть» АҚ акцияларының 100%-ын сенімгерлік басқару Precious Oil Products B.V. қолына өтті. Сонымен қатар, «Менеджмент Консалт» ЖШС бірқатар шетелдік компаниялар арқылы Тимур Құлыбаевқа да тиесілі. Тек 2020 жылы «Joint Resources» АҚ «Caspian Oil» АҚ бақылауын қайтадан қалпына келтірді, ал Precious Oil Products B.V. акционерліктен шықты.
Аталған мұнай-газ компаниясының өз акционеріне тартымды дивиденд төлеуі бірінші рет емес.
2022 жылдың тамыз айында «Каспий нефть» АҚ жалғыз акционері 2019, 2020, 2021 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2022 жылдың бірінші тоқсанына жалпы сомасы 95,6 миллиард теңге көлемінде дивиденд төлеу туралы шешім қабылдаған.
Акционер 2019 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша 10 млрд теңге көлемінде дивиденд төледі. Сол жылы акционер 2018 жылға дивидендті 7,6 млрд теңге (төлеу күнгі бағамен 20 млн доллар баламасы) көлемінде ішінара төлеу туралы шешім қабылдады. 2018 жылдың соңында акционер өзіне 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 12,8 млрд теңге көлемінде дивиденд төледі (төленген күнгі баға - 34,7 млн АҚШ долларына балама).
Барлығы 2018-2022 жылдар аралығында Құлыбаев «Каспий нефть» АҚ-дан дивиденд түрінде 161,6 млрд теңге алған.
Құлыбаев соңғы рет 26 қарашада Тоқаевты ұлықтау рәсімінде БАҚ назарына іліккен болатын. Бірақ, журналистермен тілдесуден бас тартты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық