Тимур мен Динара Құлыбаевтар Altyn Bank-тің толықанды иесі атанды
Фото: Talk Finance
Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Тимур мен Динара Құлыбаевтарға «Altyn Bank» АҚ ірі қатысушы мәртебесін алуға рұқсат берді.
Қаулы 7 маусымда қабылданған. Бірақ ресми түрде қазір ғана жарияланды. Құлыбаевтар жанұясы ALMEX Holding Group компаниясы арқылы Altyn Bank-те (жанама) банк холдингі мәртебесін алуға рұқсат алды.
Алайда банктің баспасөз қызметі бұл рұқсат акционерлер құрамын өзгерту дегенді білдірмейтінін түсіндірді.
«2024 жылғы 7 маусымда агенттік басқармасы «ALMEX Holding Group» акционерлік қоғамы Тимур Асқарұлы Құлыбаевқа және «Altyn Bank» АҚ (СБ China Citic Bank Corporation Limited) ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім берді. «Halyk Bank» АҚ-ның негізгі қатысушысы - Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы. Осылайша, барлық заң талаптары орындалды. Бұл келісім «Altyn Bank» АҚ акционерлерінің құрамын өзгертпейді» деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, заңнамаға сәйкес банктің ірі (жанама) қатысушысы мәртебесі бар тұлғалар бұл мәртебеге қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен рұқсат алуы тиіс екені айтылды.
«Altyn Bank» АҚ акционерлерінің қазіргі құрамы келесідей болып қалды:
China CITIC Bank Corporation Ltd. – 50,1%
Halyk Bank – 40%
China Shuangwei Investment Co., Ltd – 9,9%
Осылайша, рұқсат алғанымен Altyn Bank-тің меншік құрылымы мен бақылауы өзгерген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық