Тимур Құлыбаев мұнай компаниясын әлі сатпады
Коллаж: Orda.kz
Forbes тізіміндегі миллиардер Тимур Құлыбаев негізі мұнай активі – «Каспий мұнай» компаниясын сатпақ. Бірақ «Каспий мұнай» АҚ-ны сату бойынша мәміле әлі жасалмады. Бұған дейін компания мүдделі тараптар арасындағы келісім жасалып жатқанын мәлімдеген. Ал сарапшылар компания иесін ауыстыру мәселесі баяғыда-ақ шешілгенін айтқан болатын, деп хабарлайды Orda.kz.
KASE ақпаратына зер салсақ, 1 қазандағы жағдай бойынша «Каспий мұнай» АҚ-ның барлық 100 мың акциясы «Joint Resources» АҚ жалғыз меншік иесіне тиесілі. Ал «Joint Resources» акцияларының барлығына Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің бірі Тимур Құлыбаев иелік етеді. 5,3 млрд доллар байлығы бар ол Forbes тізімінде төртінші орында тұр.
Демек, Құлыбаев «Каспий мұнайын» сату жоспарынан бас тартты немесе келісімге әлі келе қоймаған. Тамыз айының соңында сала сарапшылары «Каспий мұнайы» жақын арада иесін ауыстыратынын жоққа шығармаған еді.
Айта кетейік, «Каспий мұнайдың» өзі 2024 жылы 38 млрд теңге қарызға батқан. Таза табысы 33,5 млрд теңге болды. Сол жылы компания топ-менеджерлерге 159,4 млн теңге төлеген, яғни айына орта есеппен 13,3 млн теңгеден. Ал акционерлерге дивиденд төлеу екінші жыл қатарынан кейінге қалдырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық