Тимур Құлыбаев Құлсарының зардап шеккен тұрғындарына 30 миллиард теңге аударды
Фото: Orda.kz
Табиғат апатынан зардап шеккен құлсарылық 984 адамға Тимур Құлыбаев құрған «Халық» қоры көмек көрсетті.
Ол осы мақсаттарға 30 миллиард теңге бөлді. Бұл қаражаттың барлығы азаматтардың есепшотына аударылады. Жаңа тұрғын үй салуға немесе бұрынғы үйлерді жөндеуге жұмсауға бағытталды. Жергілікті орган келіп түскен өтініштер бойынша шығынға ұшыраған адамдардың тізімдерін берді. Оны бағалауды тәуелсіз сарапшылар жүргізді.
Құлсары тұрғындарына көмек көрсету бастамасын Халық банкі қызметкерлері тез арада жүзеге асырып, зардап шеккен азаматтардың арнайы шоттарына қаражатты рекордтық мерзімде аударды. Ол үшін олар аптасына жеті күн бірнеше ауысымда жұмыс істеді.
«Мен «Халық» қайырымдылық қорының зардап шеккендерге ақша бөліп жатқанын естідім. 21 мамырда банк қызметкерлері шотыма ақша аударды. Енді ол ақшаға үйімді қалпына келтіргім келеді»,- деді Құлсары қаласының тұрғыны Галина Қаражанова.
Айта кетейік, зардап шеккендерге тікелей көмек көрсетумен қатар, «Халық» қоры Атырауда қорғаныш бөгеттерін салуға демеушілік көрсетті. Жанармай, сөмке және басқа да құрал-жабдықтар алуға 280 миллион теңге бөлінген.
Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Солтүстік облыстардағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Халық қоры» мен «Халық банкі» өз қаражатынан қызметкерлердің бір күндік жалақысын қосқанда 1 миллиард 445 миллион теңге аталған облыстарға бөлінді.
Сонымен қатар, «Халық қорының» құрылтайшысы Тимур Құлыбаев Атырау облысын қалпына келтіру үшін қосымша 30 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Осылайша, су тасқынымен күресуге 31,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық