Тимур Құлыбаев Қазақстан билігіне 1 млрд доллар төлеуі мүмкін – Bloomberg
Коллаж Orda.kz
Назарбаевтың күйеу баласы олигарх Тимур Құлыбаев Қазақстан билігіне бір миллиард доллар төлеу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Bloomberg дереккөздеріне сүйенсек, келісімге қол жеткізілсе, Құлыбаев қаржының бір бөлігін төлеп, екінші бөлігін елеулі жобаларға салуы керек. Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа осы келіссөздердің барысымен таныс деген екі адам айтты. Алайда бұл ақпаратты растау мүмкін емес, өйткені дереккөздер құпия.
«Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі алғашқы президент тұсында жинаған байлығына қатысты үкіметтік тергеу аясында мемлекетке шамамен бір миллиард доллар төлеуді талқылап жатыр» деп жазады басылым.
Алдын ала мәлімет бойынша, егер Құлыбаев пен мемлекет арасындағы мәміле орындалса, бұл Қазақстан экс-президентінің күйеу баласын қандай да бір айып тағылып, оның қызметі мен мүмкіндігін асыра пайдаланғанына байланысты кінәсін мойындады дегенді білдірмейді.
Өткен қарашада Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтару комитеті Тимур Құлыбаевтың үстінен тағы да сотқа шағым түсіргені белгілі болды. Шамасы, Bloomberg жоғарыда айтылған айып деп осы шағымды ойлаған болуы мүмкін. Дегенмен, толық ақпарат алу қиын. Комитет Құлыбаевтың мүлкі туралы ақпаратты мемлекеттік құпия ретінде аса сақтықпен қорғайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық