«Тілі ұзын әйел» туралы мәлімдеме авторы кешірім сұраудан бас тартты
Фото: Ашық дереккөзден
Мәжіліс кулуарында журналистер депутатқа мұндай мәлімдеме жасау қаншалықты дұрыс деп ойлайтыны туралы сұраған болатын. Депутат әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігі туралы заң жобасының қабылдануын қолдайтынын баса айтты.
«Мен психологиялық құралдарға назар аудардым. Яғни, ер адам әйелге физикалық түрде әсер ете алатын болса, әйел де психологиялық түрде әсер етеді. Бұл жерде мұндай жанжал міндетті түрде ұрыс-керіс не күш қолданумен аяқталуы керек дегенді айтып отырған жоқпыз. Жоқ, зорлық-зомбылықты мүлдем жоққа шығарамын. Мен кез келген күш қолдануға қарсымын», - деді Анас Баққожаев.
Мәжіліс депутатының айтуынша, әйел – отбасын сақтауға жауапты.
«Дегенмен әйелдің еркекке психологиялық әсері күшті. Түсінесіз бе, еркек бар, әйел бар, бөлеміз ғой. Ер адам жұмыс істеп, ақша тауып, үйге табыс әкелуі керек болса, әйел бала тәрбиелеумен айналысады. Тиісінше, отбасын сақтауда әйелдің рөлі әлдеқайда жоғары. Бұл менің жеке көзқарасым. Әйел мүмкіндігінше сақтауға, яғни жағдайды ушықтырмауға, кез келген жағдайды жақсы аяқтауға тырысса, әрине, отбасы сақталады», - деді депутат.
Журналистер Анас Баққожаевтан «бұрынғы мәлімдемесі үшін әйелдерден кешірім сұрауды қажет деп санайтынын», сұрап көрді. Мәжілісмен кешірім сұрайтын ештеңесі жоқ деп жауап берді.
«Неге кешірім сұрау керек? Менің ойымша, бұл таза хейт. Сөз барысында мен бірден: «Кешіріңіздер, әйелдер», дедім. Бірақ мен дөрекі ештеңе айттым деп ойламаймын. Мен өз пікірімді айттым, оған құқығым бар. Оны он мыңдаған отбасы үйде талқыласа, менің ойымша, керісінше, жақсы», - деп қосты депутат.
Сондай-ақ, ол өз отбасы мүшелері «әйелдің тілі ұзын» деген мәлімдемесіне қалыпты қарағанын айтты
«Мен бірдеңені бүлдірдім деп ойламаймын және бұл қалыпты жағдай», - деп тағы да қосты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық