Тілеухан мен Тазабек тықыр таянған соң қашып кетіп отыр – ақын
Мұхамеджан Тазабектің референдумға арнап жазған өлеңі әлеуметтік желілерде талқыға түсті. Ақын Светқали Нұржанға осы жазбаға қатысты пікірін айтты.
Оның айтуынша, бұл өлең жаңа билікке жағымпазданудың үлгісі. Светқали Нұржан Мұхамеджан Тазабекті Назарбаевтың билігін пайдаланып Яссауи жолын талқандағанын айтты.
– Мұхамеджан Тазабектің жазбасы – жаңа билікке жағымпаздану, сол арқылы санатқа кіріп, сапқа тұру. Үйреншікті идеологияcын жүргізу. Былтыр «ақидамды өзгерттім» деп сан құбылып, өтірік айтты. Әлеуметтік желілердегі Қайрат Сатыбалдымен бірге түскен бүкіл суретін өшіріп, тазартып тастады. Екіжүзді болмаса, бұл не? Назарбаевтың билігін пайдаланып Яссауи жолын талқандады, - деді ол.
Сондай-ақ, Бекболат Тілеухан, Қайрат Сатыбалды, Самат Әбіш Сирияға кету бойынша идея жүргізгендерін жеткізді.
– Басқа кім жауап береді? Сирияға мен жіберген жоқпын ғой. Сирияға кету бойынша идеяларды жүргізгендер – Бекболат Тілеухан, Қайрат Сатыбалдылар жауапты. Оларды кезінде ресми қолдап отырған Самат Әбіш те жауапты. Неше жыл Саудияның ақшасымен, Назарбаевтың ықпалымен «Асыл арнаны» ашып берген билік жауапты. Дарын Мүбаров, Шұбар мешіті жауапты. Улы идеологияны жүргізген адамдар жауапты. Тайыржан Ибрагимов жауапты. Жауаптылар көп. Халифат әскерін жасау мақсатында құрылған Сарыағаштағы Смановтардың медіреселері жауапты.
– Өздеріне тықыр таянған соң қашып кетіп отыр. Әрине, қауіп бар. Оларды қолдап отырған осы жақта миллионнан астам жазылушылары бар. Соның бәрі - ақиып кеткен «ақилары». Шара қолдану керек. Мемлекеттің ақшасымен Ізбаев бүкіл институтты басқарып отыр. Қоғамға «умеренный уахабизмді» кіргізіп елдің басын айналдырып болды. Үндемей, көз жұмып отыратын уақыт кетті ғой. Қаңтар қасіреті достың кім екенін, дұшпанның кім екенін көрсетті. Оған қарсы күрес жүргізбесек, олардың шетелден келіп жатқан ақшасын тамырымен қырықпасақ, онда өз тамырымызды өзіміз қырқамыз, - деді Светқали Нұржан Halyq Uni-не берген сұхбатында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық