Тіл жанашыры қазақстандық компаниялармен соттасты
Фото: Dalanews.kz
Тіл жанашыры Толқын Мұхтарханова қазақ тілінің құқығын шектегені үшін «Miele» ЖШС және «Мечта» компаниясымен соттасты, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Толқын Мұхтарханова азаматтық сотта жеңіп шықты. Оның сөзінше бұл дау 1 жыл бұрын басталған.
«Кезекте тұрғанда сатушы бір кісіге: «Я вас не понимаю. Говорите на русском, либо уходите с очереди» деді. Маған сол кезде: «Мен өз елімде тұрамын, бірақ неге қазақ тіліміз қорғалмаған» деген ой келді. Сөйтіп заңды adilet.kz-тен қарай бастадым. Мемлекеттік тілімізді қорғайтын заңдар көп екен. Бірақ біз оны біле бермейді екенбіз. Егер мен сол жерде заңды білгенімде, сатушыны орнына қояр едім» , - дейді Толқын ханым.
Ол осылайша заңмен толық танысып шықаннан кейін, бұл жағдайды бір конституциямен қорғап шығуға болатынын түсінген тіл жанашыры «Miele» компаниясымен тіл мәселесіне байланысты келеңсіз жағдайдың орын алғанын айтты.
«Заттарымызды «Miele» компаниясынан алдыртып, орнаттық. Содан көпбалалы болған соң, бірінші қажет нәрсе кір машина болды. Соны орнатып, қолдана бастадық. Алайда мен нұсқаулықтан қазақша мәтін таба алмадым. Әрбір алған затымызда, қазақша нұсқаулығы мүлдем болмады. Содан мен «Miele» компаниясына хабарласып, олардан қазақша нұсқаулықты сұрадым. Олар бізге уақыт керек деп жауап қатты. Содан мен жақсы деп өз талабымды сот арқылы шешетінімді айттым», - дейді Толқын ханым.
Дегенмен сатып алушыға қазақ тіліндегі ақпарат тек екі аптадан кейін бір-ақ келген.
«Айта кететін жайт, «Miele» компаниясы бір ай немесе екі апта бұрын ашылған компания емес. Қазақстанда 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осынша жыл нарықта болып, қазақша нұсқасы болса, олар менің сол мезетте электронды поштама ақпарат жіберетін еді. Бірақ олар қоңырау шалғаннан кейін араға екі апта салып, электронды нұсқасын жіберді және пошта арқылы қолыма тиді. «Мiele» мен «Мечта» компанияларын тұтынушы ретінде «тұтынушы құқығым бұзылды деп» азаматтық сотқа бердім.Біріншіден, менің тұтынушы ретінде сұраған нұсқаулықтың және «Miele» компаниясында қазақша ақпараттың жоқ екенін айттым. Сонымен қатар «Miele» компаниясының сайтында тілді таңдайтын кезде қазақша батырманың жоқ екенін де атап өттім. Сот процесінде олар «kz» деп қазақша батырманы енгізді. Бірақ қазақша деген батырманы бассаңыз, ақпарат жоқ. Солардың бәрін аудару керек деп талап қойдым және тұтынушы ретінде құқығымның бұзылғанын қостым», - дейді ол.
Нәтижесінде Толқын Мұхтарханова компанияны сотта жеңіп шықты.
«Менің бір танысым шаңсорғыш сатып алды. Ол жерде де тек орысша нұсқаулық болды. Мен оны дәлел ретінде қосқым келді. Алайда сот бір тұтынушы болғандықтан, оны бөлек тұтынушы ретінде жазсын деп айтты. Соттың шешімі бойынша, «Miele» компаниясын прокуратураға көрнекі ақпарат туралы 455-бап бойынша жіберуім керек болды. Сондай-ақ «Miele» компаниясы маған тұтынушы құқығым бұзылғаны үшін моральдық шығын ретінде 100.000 теңге төлейтін болды және төленген бажымды қайтаратын болды», - дейді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық