TikTok Қазақстанда өкілдігін ашуды көздеп отыр
Танымал әлеуметтік желі Астанада өкілдігін ашады. Бұл туралы TikTok-тың Еуропадағы мемлекеттік саясат жөніндегі вице-президенті Тео Бертрам мәлімдеді.
Компания өкілі «Хабар 24» телеарнасындағы President бағдарламасының авторына қазақстандық блогерлер мен контент жасаушылардың креативті екенін айтты. TikTok оларды платформамен қамтамасыз ете алады, ел аумағынан тыс аудиторияға да шығуға көмектеседі. Сонымен қатар, ол Қазақстанды аймақтық хаб ретінде көретінін мәлімдеді.
Бұған дейін Тео Бертрам Астанада өткен Digital Bridge халықаралық технологиялық форумына қатысқан болатын. Онда ол Қазақстандағы цифрлық экономиканың өсуі – ел болашағы дегендей оймен бөлісті.
— Менің ойымша, Қазақстанның болашағы маңызды тақырып. Елдегі цифрлық экономиканы дамыту мүмкіндігі туралы шынымен де шабыттандыратын және әсерлі пікірталастар болды, - деді Тео Бертрам Akorda.Live бағдарламасының жүргізушісіне.
Вице-президенттің айтуынша, ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен TikTok контент жасаушыларға платформаны қалай ұсына алатыны туралы әңгімелескен. Бертрам ел үкіметіің шынымен цифрлық болашақты қалай оңтайлы құруға бағытталғанын түсінгендігін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық