TikTok қазақ тіліне аударылады
Фото: Pixabay
TikTok Global Business Solution компаниясының Шығыс Еуропадағы директоры Анастасия Панина Қазақстанда өкілдік ашу және қосымшаны қазақ тіліне аудару туралы айтты.
Astana Media Week аясында сөйлеген сөзінде TikTok Қазақстанның болашақ басшысы қазақстандық контент авторларының сервиске қосқан үлесін атап өтті.
- Қазақстандағы аудитория керемет креативті, біз оны көріп отырмыз. Мысалы, химия пәнінің мұғалімі Ұлан Үсенов өте танымал болды, өйткені ол химия туралы өте қызықты әңгімелей алады, оның сабақтары өте қызықты, - деді ол.
Ол Қазақстан үкіметіне елде TikTok-тың дамуына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, Білім және ғылым министрлігі мен Мәдениет министрлігі аясындағы жобаларды атап өтті. Панина сервистің мемлекеттік тілге аударылуы қазақстандықтар үшін қолжетімді контенттің әр алуан болуына ықпал ететінін түсіндірді.
Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн-платформалар өкілдерін Қазақстанда өкілдік ашуға мәжбүрлейтін бала құқықтарын қорғау, білім беру, ақпараттандыру мәселелері бойынша түзетулерге қол қойған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық