TikTok қызметкерлері уланды
Фото: The Straits Times
Сингапурда TikTok штаб-пәтерінде жаппай улану болды.
Бұл туралы BBC хабарлады.
30 шілде Сингапурда TikTok қосымшасы иелік ететін ByteDance компаниясының 60 қызметкері тамақтан улану белгілерімен медициналық көмекке жүгінді. 57 адам ауруханаға жатқызылды. Қызметкерлерде іштің ауруы, құсу, дене температурасының 38 градустан жоғарылауы, тері бозаруы мен суық тер белгілері болды.
Улануға кеңсе асханасында қызметкерлердің тұтынған тағамы себеп болған деген болжам бар. Сингапур билігі бұл оқиғаға қатысты санитарлық-эпидемиологиялық тексеру бастады. Алдын ала деректер бойынша қызметкерлер тұтынатын тағамдарда ішек таяқшасы бар болуы мүмкін.
«Біз үшін қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі өте маңызды. Қазіргі таңда төтенше жағдайлар қызметімен біріге отырып, зардап шеккен қызметкерлерге шұғыл түрде қолдау көрсету үшін бірқатар шаралар қабылдадық», - деді ByteDance өкілі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық