Тікелей эфирде қазақ ұлтына тіл тигізген Қостанай тұрғыны cотталды
Фото: tobolinfo.kz
Tik Tok-та тікелей эфирде қазақ халқына тіл тигізген Қостанай тұрғыны бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қостанай қаласындағы №2 сотта 44 жастағы қала тұрғыны Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылдың қараша айында түнгі сағат 03:45-те айыпталушы мас кезінде TikTok әлеуметтік желісіне кіріп, жеке аккаунты арқылы тікелей эфирге қосылған. Қорғаушысы Валерий Ли эфир барысында Ресей мен Украина арасындағы соғыс тақырыбы талқыланғанын түсіндірді.
Tobolinfo мәліметінше, тікелей эфир кезінде Юлия Хон қазақ ұлтына қатысты балағат сөздер қолданып, пікірталасқа қатысушыларды ұлттық белгісі бойынша қорлайтын мәлімдемелер жасаған.
Сот үкімімен Юлия Хон екі жылға бас бостандығынан айырылып, ең төмен қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесіне жіберілетін болды. Хон сот залында бірден қамауға алынды. Бұдан бөлек, сот оны 826 мың теңге көлеміндегі процессуалдық шығындарды өтеуге міндеттеді. Сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жайларды да ескерді.
Ал қорғаушы Валерий Ли тікелей эфир барысында оның қорғауындағы азаматшаның өзі де қорлау сөздер естігенін, сондай-ақ айтылған пікірлер тұтас бір ұлтқа емес, нақты бір адамға бағытталғанын алға тартты.
Қорғау тарапы үкіммен келіспейтінін білдіріп, оны апелляциялық тәртіпте шағымдайтынын мәлімдеді.
Еске салсақ, 8 қаңтар күні Қарағандыда полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп қылмыстық топты ұстады. Күдіктілер жәбірленушілердің әлеуметтік жағынан осал санаттағы азаматтарға арналған арнайы мемлекеттік төлемдерін алып келген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық