Тергеу кезінде қайтыс болған жігіттің әкесі мәлімдеме жасады
8 желтоқсан Шымкент қалалық полиция департаментіне «ұрлық» бабы бойынша ұсталып келген күдікті тергеу кезінде көз жұмған. Марқұмның әкесі «оны ұрып, өлтіруі мүмкін» дейді.
Бүгін марқұмның әкесі Ерқара Жұмабаев Шымкент қалалық полиция департаментінің алдына келіп, Азаттық журналистеріне сұхбат берген. Оның айтуынша, полицейлер оның денсаулығына шағымданғанын алға тартқан. Бірақ әкесі ұлының жүрегі ауырғанына сенбей отыр, себебі ол спортпен шұғылданған.
Ерқара 30 жастағы марқұм ұлы Нұрболат Жұмабаевпен 8 желтоқсан күні сағат 12-лер шамасында бейнеқоңырау арқылы сөйлесіп тұрған кезінде полицейлер әкеткен.
– Баламмен күліп сөйлесіп тұрған едік. Бір топ адам «кісен салыңдар» деп ұстағанын көрдім. Өзі спортпен айналысады. Жүрегі ауырмайды. Қандай айыппен ұстағанын білмедім. Шымкентке үйленемін деп жүрген қызына келген. 17 желтоқсан күні той жасаймыз деп жоспарлап отыр едік, - дейді марқұмның әкесі.
Ұлын полицейлер әкеткеніне 4 сағат өткен соң Ерқараға қаралы хабар келген. Күндіз ғана күліп телефонмен сөйлесіп тұрған ұлы көз жұмған. Сондай-ақ, бұған дейін «ұрлық» бабымен айыпталған Нұрболаттың денесі туыстарына берілмеген.
– Дәрігерлер барғанда биологиялық өлім болғаны анықталды. Неден қайтыс болғанын мамандар анықтап жатыр, - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Нақыпқызы.
Ал полиция бөлімінің бастығы Ералы Жұмаханбетов «тергеу амалдары жүріп жатқан кезде артық әңгімені неғыламыз» деп сараптама нәтижесін күтуге шақырды.
Журналистерге сұхбат беріп, артынша ұлының денесін көрген әкесі «оны біреу өлтіргеніне» сенімді екенін айтты. Бұған дейін Ерқара күмәнмен айтса, бұл жолы өз сөзін төмендегідей мысалдармен нақтылады.
– Денесінің сау жері жоқ. Қанталап кеткен. Басы, иығы, аяғы, арқасы. Көгергенде денесі қарайып кеткен. Камераға түсіруге рұқсат бермеді. Өздері түсіріп тұрды. Адвокат соққының іздері дейді. Ал аналар үндемей тұр, - деді Ерқара Жұмабаев.
Ал полиция бөлімінде мұндай мәлімдемеге еш жауап болмаған. Олар сараптама қорытындысын күтуге ниетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық