Тергеу изоляторына трамадол қосылған бауырсақ өткізбекші болған
Атыраудағы тергеу изоляторында күдіктілерге әкелінген сәлемдемелерді тексеру барысында бауырсақтың ішіне жасырынған ақ түсті дәрі-дәрмектер табылды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
— Заңсыз сәлемдеме УГ-157/1 мекемесінде ұрлық жасағаны үшін күдікті ретінде қамауға алынған азаматқа арналғаны анықталды. Мекемеге Атырау қалалық полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақыртылып, тәркіленген дәрілік заттар сот-медициналық сараптамасына жөнелтілді, - деді мекеме бастығы Мейірбек Уразгалиев.
Сот медициналық сараптама қорытындысы шыққаннан кейін іс-құжаттар «курьерді» жауапкершілікке тарту үшін сотқа жолданады.
Айта кету керек, трамадол есірткілі анальгетик, апиынды рецепторлардың агонистік тобына жатады. Күшті анальгетикалық белсенділікке ие, жылдам және ұзақ әсер береді.
Препараттың ұсынылатын мөлшерінен сәл артық қолданғанның өзінде басталатын тәуелділік пен есірткіге тәуелділік проблемалары, айқын есірткілік масаю орын алатындықтан бірқатар елдерде, мәселен, Украина мен Белоруссияда бұл дәрмек ресми түрде есірткі деп танылған.
Тунгатарова Эльмира, Атырау
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық