«Терезеден жағылған қанды көрдік»: Талғарда әйелін өлтірді деген күдіктіге қатысты тың деректер
Фото: Orda.kz
Алматы облысы Талғар ауданы Рысқұлов ауылында болған қанды оқиғадан бері бес күн өтті. Ауыл тұрғындары әлі де ес жия алар емес. Orda.kz тілшісі оқиға болған ауылға барып, мән-жайды біліп қайтты.
Марқұм болған 38 жастағы әйел туралы ауыл тұрғындары өте жақсы пікірде. Тіпті оны өлтірді деген күдікке ілінген ер адам туралы да жағымсыз сөз айтқандар кемде-кем.
«Ешқандай жаман қылықтарын естіген емеспіз. Тәп-тәуір отбасы болатын. Ері мен әйелі ылғи қол ұстасып бірге жүретін. Серуенге шыққанда да, дүкенге барғанда да жұптары жазылмайтын», – деді көршісі Бәтима (аты-жөні өзгертілген).
Түнде болған қанды оқиға туралы көрші-қолаң тек ертесінде, түс кезінде естіген.

«Полиция қаптап кетті. Мән-жайды сұрастырсақ, әйелді өлтіріп кеткенін айтты. Ол келіншектің ешқандай артық жүрісі жоқ еді, өзі аспаз болып істейтін. Күйеуі қара жұмыста, құрылысшы болып еңбек етеді деп естігенбіз», – деді ауыл тұрғындары.
Марқұм әйел ата-анасының үйімен дәл іргелес тұрған. Соған қарамастан, үйде болған жанжалды ешкім естімеген.
«Марқұмның денесі қылмыс болған үйден шығарылды. Жаназасына жиналған жұртты да сол үйде күтіп алды. Біз барып көмектестік. Сонда бір бөлменің терезесінен жағылған қанды көрдік. Есігі де былғаныпты, бірақ сүртіп тазалап қойған екен», – деді Бәтима.
Қайғылы жағдай кезінде үйде марқұмның бес жасар қызы болған. Оқиға бүлдіршін ұйықтап жатқанда болыпты.
«Түс кезінде естіп, бірден жеттім. Әке-шешесі жоқтап отыр екен. Сол бес жасар жиені келіп, нағашы ата-әжесіне айтыпты. "Мамам ауырып қалды" десе керек. Барсам, қызымды өлтіріп кетіпті. Есікті кілттеп, кілтті лақтырып кетіпті, кейін тауып алдық деді», – деді Гүлайша есімді әжей.
Көршілерінің айтуынша, күдікті ер адам Қарақалпақстаннан көшіп келген. Бұл ақпаратты марқұмның сіңлісі де растады.
«Бізге қысым көрсететіндей оның бұл жақта ешкімі жоқ. Қарақалпақстаннан келген азамат. Туыстарының бәрі сол жақта тұрады. Марқұм менің туған әпкем. Бірақ қандай да бір ақпарат бергіміз келмейді. Оқиға болған сәтте полицияға ешбір мәлімет таратпау туралы ескерткенбіз. Алайда БАҚ өкілдері біздің рұқсатымызсыз ақпарат таратып жіберді», – деді марқұмның сіңлісі Назира.
Оқиға орнынан қашып кеткен күдікті қолға түсіп, қамауға алынды.
«Рысқұлов ауылының тұрғынын өлтірді деген күдікпен 45 жастағы ер адам қамалды. Отбасылық жанжал кезінде ол азаматтық некедегі жұбайына екі рет пышақ салған. Соның салдарынан жәбірленуші бірнеше сағаттан кейін қайтыс болған», деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.
Қазіргі таңда қылмыстық іске қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық