Теңіздегі мұнай өндіру қайта жанданып, қалыпты жұмыс басталды
Фото: Теңізшевройл
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәліметінше, 31 қаңтар күні сағат 03:35-те алғашқы ұңғыма — ТӨҚ-52 (топтық өлшеу қондырғысы) іске қосылды. PBF нысанындағы технологиялық қондырғылар жұмысын бастап, қалыпты режимде қызмет етуде, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазіргі уақытта бес ұңғыма пайдалануға енгізілді. «Теңізшевройл» компаниясының мамандары келесі топтық өлшеу қондырғысын — ТӨҚ-53-ті іске қосуға дайындап жатыр. Мұнай өндіру көлемі жүйе параметрлері тұрақтануына қарай кезең-кезеңімен арттырылатын болады.
Бұған дейін, 26 қаңтарда кен орнында Екінші буын зауыты (ЕБЗ) іске қосылған болатын. Қазіргі кезде ол жұмыс істеп тұрған Королевский кен орнынан шикізат қабылдап жатыр. Жоспарланған қуаттылыққа жедел шығу үшін операторға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Энергетика министрлігі қолдау көрсетіп отыр.
Қалпына келтіру жұмыстарының үйлестірілуін Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев тікелей бақылауда ұстап отыр. Ведомство өкілдерінің айтуынша, жағдай тұрақты бақылауда, ал басты басымдық — қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау.
Еске сала кетейік, 18 қаңтарда Атырау облысында екі трансформаторда өрт шығып, соның салдарынан энергожүйеде ақау болған еді. Осыған байланысты Теңіз және Корольдік кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды. 26 қаңтарда «Теңізшевройл» компаниясы электрмен жабдықтау жүйесін қалпына келтіріп, содан кейін мұнай өндіруді кезең-кезеңімен қайта іске қосты.
Тақырыпқа қатысты ұсынамыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық