Теңіз мұнай-газ кен орнындағы қызметкерлер жалақы көтеруді талап етті
Фото: Бейнеден кадр
Теңіз мұнай-газ кен орнындағы «Кәсіби таңдау» ЖШС қызметкерлері жалақы көтеруді талап етіп отыр, деп хабарлайды Orda.kz Ақ Жайыққа сілтеме жасап.
Жұмысшылар талап-арыздарын 21 сәуір күні жеткізді. «Кәсіби таңдау» ЖШС қойма қызметкерлері жалақыны 50%-ға арттыруды талап етіп жатыр. Ал көлік департаментінің қызметкерлері қойма қызметкерлерінің жалақысын 100% көтеруді талап етіп отыр.
Олар 17 сәуір күні жазбаша өтініш жолдаған.
Хатта олар инфляция жағдайында бағаның өсуі және күнкөріс деңгейінің жоғарылауы қажеттіліктерді жабу үшін жеткіліксіз екенін атап өткен. Қызметкерлердің айтуынша, жалақының өсуі одан да өнімді және жауапты жұмыс істеу үшін ынталандыру болады екен. Өтініште үш жұмыс күні ішінде ресми жауап беруі керек екені жайлы талап бар.
Ал бүгін, 21 сәуірде қызметкерлер өздерінің талаптарын ауызша айтып жатыр.
«Кәсіби таңдау» ЖШС 2021 жылы тіркелген. Қайта тіркеуден 2025 жылдың 15 сәуірінде өткен.
Айта кетейік, наурыз айында Ақмола облысындағы кеніште жұмысшы қаза тапқан еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық