Теңгеден көрінбеген тарихи тұлғалар
Коллаж: Orda.kz
15 қараша — Ұлттық валюта күні. Көптеген елдерде ұлттық валютаның беттерінде тарихи тұлғаларды бейнелеу дәстүрі бар.
Orda.kz редакциясы Ұлттық валюта күніне орай, Қазақстан тарихы мен мәдениетіне маңызды тұлғалар бейнеленген жағдайда теңге қандай болар еді деген жаңа дизайн жасап шығарды.
Тоқтар Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері
Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Әкесі Оңғарбай мен анасы Кәмила ұсталықты кәсіп еткен. Алайда ол әкесінен ерте айырылып, анасы мен әпкесінің тәрбиесінде болады. Әубәкіров — қаз дауысты Қазыбек бидің ұрпағы.
1991 жылы 2 қазанда ол «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшады. Ғарышта ол Арал теңізінің экологиялық жағдайын зерттеуге мүмкіндік алды. Нәтижесінде ғарыштан түсірілген суреттер Аралдың тұзы Солтүстік мұзды мұхитқа дейін таралатынын көрсетті.
Тоқтар Әубәкіров — дүние жүзінің 256-шы ғарышкері. Ол ғарышта 7 күн, 22 сағат, 13 минут болып, 1991 жылы 10 қазанда Жерге оралады. Бірақ Әубәкіров ғарыштан қайтып оралғанда қиындықтар болғанын еске алады.
Дина Нұрпейісова — композитор, домбырашы, Құрманғазының шәкірті
Халық композиторы, Құрманғазының шәкірті Дина Нұрпейісова 1861 жылы Нарын құмдарында дүниеге келген. Ол «Бұлбұл», «Әсем қоңыр», «Байжұма», «Жігер» және басқа да әйгілі күйлердің авторы. Домбыра тартуды болашақ күйші әкесінен үйренген. Бала кезінде Дина Нұрпейісованы «домбырашы қыз» деп атаған. Оның таланты туралы даңқы соншалық, сегіз жасар Динаның күйін тыңдауға Құрманғазының өзі келген. Ұлы композитор оны өзіне шәкірті етіп алған.
1937 жылы Ахмет Жұбановтың тапсырмасымен домбырашы Смағұл Көшекбаев Дина Нұрпейісованы Астрахан облысынан тауып, Алматыға алып келеді. Сол жылы халықтың сүйіктісі республикаға танылды: халық таланттары слетінде әділқазылар шешімімен бірінші орынға ие болды. 1939 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық орындаушылар байқауында бірінші орынды жеңіп алды. Қазақстанның Халық әртісі атағын Дина Нұрпейісова 83 жасында иеленді.
Әлихан Бөкейхан — Алаш-Орда көшбасшысы, этнограф, журналист
Әлихан Бөкейхан — XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында қанат жайған ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы әрі жетекшісі, Алашорда ұлттық автономиясы Халық кеңесінің төрағасы. 1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі болды. Сол жылы Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы және Жақып Ақбаевпен бірге Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі. Петицияға 14 500 адам қол қойды.
1920 жылы Алаш автономиясы жойылып, оның мүшелері қудалауға ұшырады. Әлихан Бөкейхан Мәскеуге жер аударылып, 10 жыл бойы үй қамақта болды.
1937 жылы Бутырка абақтысына қамалған Әлихан Бөкейхан 67 жасында Мәскеуде ату жазасына кесілді. Оның қабірінің қайда екені тек 2007 жылы анықталып, Мәскеудегі Дон бауырластар зиратына жерленгені белгілі болды.
Дінмұхамед Қонаев — Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы .
1956 жылдан бастап, СОКП Орталық Комитетінің мүшесі болды. Партияның XXIII съезінде КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросы мүшелігіне кандидат, ал XXIV съезде толық мүшелікке өтті. Ол КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.
Халық
Конституцияның 3-бабына сәйкес, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық