Теміртаудағы ЖЭО-2-де қазандық құрылысы кешеуілдеп жатыр
Теміртауда жылу көздері мен жылу желілерін ауқымды реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жүргізіліп жатқан жұмыстар барысын тексерді.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2-ЖЭО-сында жылу беру маусымына дайындық және жетінші қазандық құрылысы туралы кәсіпорынның бас директоры Владимир Яблонский баяндады. Оның айтуынша, үш қазандық пен үш турбиналы генераторды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ жетінші қазандықты салу бойынша маңызды жобаны іске асыру кешіктірілуде: нысанда жұмысшылар жетіспейді, негізгі жабдықтар кешігіп орнатылуда.
Мердігер ұйым басшылығының («AB Construction» ЖШС) есебін тыңдаған Роман Скляр құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақтылы аяқтау қажеттігін айтып, ескерту жасады.
Теміртауда Роман Склярға жылу желілерін жөндеу бағдарламасы көрсетілді. Қалада жылу желілерінің барлық тозған учаскесі бойынша реконструкциялау жүріп жатыр. Жұмыстар жылу беру маусымы басталғанға дейін аяқталуға тиіс.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары облыстың басқа да бірқатар энергия көзін аралады. Ол Топар, Шахтинск және Қарағандыға барды.
«Топар» МАЭС басшылығы негізгі және қосалқы жабдықтарды күрделі және қалыпты жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүріп жатқанын жеткізді.
«Бүгінгі таңда жөндеу бағдарламасы 60%-ға орындалды. Көзделген жоспарлардан артта қалған жоқпыз. Барлық міндеттемелерді орындаймыз»деді «Топар» МАЭС операциялық директоры Александр Бузо.
Шахтинск ЖЭО-сының тозуы – 75% деңгейінде. 10 жыл бойы жабдыққа күрделі жөндеу жүргізілмеген. Биыл үш қазандық пен екі турбина жөнделіп жатыр. Роман Скляр барлық жұмыс уақытында аяқталуы керек екенін ескертті.
Сонымен қатар жөндеу науқаны туралы бірінші вице-премьерге «Қарағанды Энергоорталық» компаниясының басшылығы да баяндады. Ол облыс орталығы тұтынушыларын жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Құрамына екі энергия көзі кіреді: 3-ЖЭО және 1-ЖЭО. Алдағы жылу беру маусымына дейін жалпы 16 қазандық пен 10 турбина жөнделеді. Жұмыс кесте бойынша жүріп жатыр. Биылғы жөндеу бағдарламасының жалпы құны 13 млрд теңгеден асады.
Сондай-ақ Роман Склярға 3-ші жылу таратқыш құрылысы туралы айтылды. Жоба кезең-кезеңмен жүзеге асырылып жатыр. Оны іске асыру жылумен жабдықтау жүйесін жақсартуға және қаланың жаңа нысандарын жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық