Теміртаудағы перзентханада жаңа туған нәресте еденге құлап, көз жұмды
Фото: Pixabay
Теміртау қаласының көпбейінді ана мен бала орталығында жаңа туған нәресте қайтыс болды. Нәрестенің анасының айтуынша, оған медициналық көмек уақытылы көрсетілмеген.
Әйел тұрып босанған кезде нәресте еденге құлағанын ҚазТАГ-не айтты.
19 ақпан 33 жастағы Айжан Шахманова көпбейінді аналар мен балалар орталығына толғатып түскен. Ол екі баланың анасы.
«Сәбиімізді асыға күттік, оны Айша деп атағымыз келді. Мен ауруханаға шамамен 23.30-да түстім. Қабылдау кезінде бәрі жақсы болған. Жүрек соғысы қалыпты, толғақ орташа өтіп жатты. Сөйтіп менің таңға жақын босанатынымды айтты. Шамамен 01.50-де толғақ жиілей түсті. Қайтадан ұрыққа кардиотокография жасады, сәбидің жүрек соғысын тыңдады, орындықта тексерді. Сол кезде босанатынымды айтып айғайлаған едім. Бірақ олар тексеруден өтіп жатқан басқа әйелдермен бірге босану залына апаратынын айтты. Мен толғақ басталды деп айғайладым, бірақ мені тыңдаған адам жоқ, елемеді» деді Айжан Шахманова.
Оның суы лифтіде кеткен. Босану бөлмесіне өз бетінше барған. Бөлмеге кірместен оны толғақ қысқан. Төсекке жетпей жатып, сәбиі дүниеге келген.
«Толғақ басталғанда босанатынымды айтып айғайлай бастадым. Енді төсекке қолым тие бергенде ішімнен нәресте шығып, еденге бірақ түсті. Одан әрі линолеуммен тағы жарты метрге домалап кетті. Жанымдағы мамандар, шамамен 5-7 адам: «Не істеп жатырсыз, не істеп жатырсыз» деп айта бастады. Мен кімнің кімге не айтып жатқанын түсінбедім. Медициналық қызметкерлер қобалжып кетті. Бала ешқандай дыбыс шығармады да. Кіндігі де кесілмеді, менен ажырап кетті» деді марқұм сәбидің анасы.
Артынша босанып жатқан әйелден қан кеткен. Бірден анестезия салынған. Есін жиғанда дәрігерлер оған телефонын бермей қойған. Тек таң атқанда ол 102 нөміріне қоңырау шалған. Полицейлер сәбидің өлімі туралы оның анасынан білген.
«Перзентхана бала өлгенін полицияға хабарламаған. Қызметкерді де мен жатқан жансақтау бөліміне өткізгісі келмеді. Мен болған оқиғаға кінәлі әрбір медицина қызметкері жазаланғанын қалаймын. Өйткені менде ешқандай патология болған жоқ, тоғыз ай қызымды көтеріп, күттім, армандадым» деді Айжан.
Қазіргі таңда осы факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Бұл дерек полицияда тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр» деді полиция департаментінде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық