Теміртауда дәрігерлер қансыраған науқасқа көмек көрсетпеді
Фото: ашық дереккөзден
Желіде Теміртау ауруханасында орын алған келеңсіз жағдайдың видеосы тарады. Оны қоғам белсендісі Мұрат Әбенов жариялады.
Видео авторының айтуынша, досы қолын кесіп алып, ауруханаға келген.
«Қолды тігу керек болды, ал дәрігерлер: «Күте тұрыңыз, түскі ас уақыты» деді. Бұл – біздің қаланың дәрігерлері. Ар-ұждан, ұят жоқ» дейді камера ұстаған азамат.
Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Бөлімнің айтуынша, оқиға 23 маусымда Теміртаудағы жекеменшік («МЦ «Будь здоров» ЖШС) емханалардың бірінде болған.
«Науқастарды қабылдау кестесіне сәйкес емхана хирургы сағат 14:00-ден бастап жұмысын бастайды. Науқас ол жоқ кезде шұғыл медициналық көмекке жүгінген. Жедел медициналық көмек уақтылы көрсетілмегендіктен, медбике сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Емхананың дәрігерлік кеңесінде жағдай жан-жақты зерттелді. Тиісті ұйымдастырушылық және басқарушылық қорытындылар жасалады» деп жазылған ресми хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық