Темірлан Еңсебекке қатысты алғашқы сот отырысы өтті
Фото: Orda.kz
QazNews24 сатиралық парақшасының әкімшісі Темірлан Еңсебекке қатысты алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Темірлан Енсебекке қатысты алғашқы сот отырысы 27 ақпан күні сағат 17:00-де Алматының Алмалы аудандық сотында басталды. Ол сотқа онлайн режимде қатысты.


Отырыс күні кешкісін ғана белгілі болып, күтпеген жерден судья ауысты. Енді істі Серік Кенішев қарайды. Бұған дейін сот отырысы «судьяның отбасылық жағдайына» байланысты кейінге шегерілген еді.
Прокурор Айнаш Жуасбаева сотты тоқтатып, істі Наурызбай аудандық сотына ауыстыруды сұрады. Себебі оны дәл Наурызбай ауданында ұстаған. Адвокат алдымен оның тіркелген мекенжайын нақтылап, содан кейін істі Алмалы аудандық сотында қалдыру немесе ауыстыру туралы шешім қабылдау керектігін айтты. Еңсебек істің Алмалы аудандық сотында қалуын сұрады.
Судья прокурордың талабын қанағаттандырды.
Алдын ала тыңдау басталды, прокурор жазба Наурызбай ауданынан жіберілді деп мәлімдеп, сотты сол жаққа ауыстыруды талап етуде.
Адвокат Жанар Балғабаева бұл мәселенің тергеу кезінде бірде-бір рет көтерілмегенін атап өтті. Сонымен қатар, адвокат Темірланның сотқа оффлайн қатысуын сұрады.
Сонымен қатар, адвокат Балғабаева соттың ашық өтуін және халықаралық бақылаушылардың қатысуын сұрады.
«Айыптау актісінде мені адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп көрсетсе, онда адамзат осы сотты көретін болсын. Оның үстіне, сот қызықты өтеді», – деді Еңсебек.
Жанар Балгабаева сот отырысы кезінде Темірланды бостандыққа шығаруды сұрады.
«Менің қорғауымдағы адам сотталмаған, психоневрологиялық және наркодиспансерде есепте тұрмайды. Мінездемелері де өте жақсы. Бұлтартпау шарасын үй қамаққа ауыстыруды сұраймын», – деді адвокат.
Прокурор бұл өтінішті қанағаттандырмауды сұрады, себебі «оның қылмысы ауыр және адамзат қауіпсіздігіне қарсы жасалған».
Барлық өтініштер қанағаттандырылмады. Іс Наурызбай ауданына ауыстырылады. Темірлан Еңсебек қамауда қалады.
Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалған. Алғашқы отырыс 14 ақпанға жоспарланып, кейін 21 ақпанға ауыстырылған, алайда белгісіз мерзімге тағы шегерілген.
Еске сала кетейік, белсенді Темірлан Еңсебекке қатысты қылмыстық кодексінің 174-бабы («Ұлт аралық араздықты қоздыру») бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұған оның Тина Канделаки туралы жазбасы себеп болған деп болжануда. Жарияланымға атышулы «Йоу, орыстар» әні тіркелген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық