«Темекі тартпа» деген сөз үшін жүргізушіге пышақ сұқты
Фото: Pexels
Қостанайда әйел «көлікте шылым шекпеңіз» деген ескерту үшін жүргізушіге пышақ сұқты, деп хабарлайды Orda.kz.
«Наша газета» - ның мәліметінше, Бейімбет Майлин ауданының соты Р. есімді азаматшаны жеңіл дене жарақатын қасақана келтіріп, бұзақылық ниетпен әрекет етті деп айыптады.
Оқиға Тобыл кенті маңындағы Қостанай-Қарабұтақ тас жолында болған. Сот материалдарына сәйкес, Р. Лисаковск қаласына жету үшін көлік тоқтатқан. Жүргізуші Л. әйелді жеткізуге келісіп, көліктің жолаушы орнына отырғызады. Автокөлікте оның жанында кәмелетке толмаған М. есімді бала да болған екен.
Жол үстінде Р. электронды темекі шеге бастағанда, жүргізуші оған көлікте шылым шегуге болмайтынын ескерткен. Сол сәтте әйел сөмкесінен ас үй пышағын алып, ер адамның мойын тұсына соққы жасаған. Жүргізуші көлікті тоқтата бастағанда, Р. тағы бір рет соққы жасауға әрекеттенген. Сот-медициналық сараптама жәбірленушінің мойын тұсынан пышақ кескен жарақат алғанын растады.
«Айыпталушы өз кінәсін толық мойындаған. Сот жаза тағайындау кезінде шын жүректен өкінуді жеңілдететін жағдай, ал мас күйінде қылмыс жасауды ауырлататын жағдай деп таныды», деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз қызметі.
Нәтижесінде сот Р.-ға 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесіп, осы уақыт аралығында пробациялық бақылау белгіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық