Өтемұратов: Бұл - менің беделімді түсіру үшін жасалған шабуыл
Интернетте миллиардер Болат Өтемұратовтың өз қызметкерлеріне жазған хаты пайда болды. Хаттың растығын компаниялар тобының баспасөз қызметі растады.
«Құрметті қызметкерлер! Мен сіздерге жеке хат жазуды жөн көрдім. Менің ойымша, қазір көптеген адамдар не жазып, не айтып жатқанын түсіндіру өте маңызды», - деп бастады сөзін кәсіпкер өз хатында. Ол БТА банктің шағымына байланысты ағылшын сотының компания активтерін тоқтату туралы шешім қабылдағанын растады.
«Мойындаймын, мен қатты таң қалдым. Олар дереу тергеуді бастады. Адвокаттар сот шешімі жалған құжаттар негізінде шығарылғанын растады. Қазір біз бұл шешімнің күшін жоюдың үстіндеміз. Бұл уақытты талап етеді және мәселе жақын арада шешілетініне сенімдімін. Сот ісі жүріп жатқан кезде мен ресми мәлімдеме жасамаймын, барлық компаниялар өз жұмысын жалғастыруда», - делінген хатта.
Өтемұратов ол үшін қызметкерлерінің өздерін сенімді сезінуі маңызды деп жазады.
«Енді мен бір нәрсе айта аламын - бұл менің және компанияларымыздың беделіне, біздің бизнесімізге нұқсан келтіру мақсатында жасалған шабуыл. Біз өзімізді дәлелдейміз», - делінген хатта.
Хат соңында Өтемұратов қызметкерлерді сабырлыққа және жақын арадағы міндеттерін орындауға шақырды.

Хат ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында жазылған.
Болат Өтемұратовтың қамалғаны туралы қауесет қараша айының соңында пайда болды. Содан кейін компаниялар тобының өкілдері «Өтемұратов Нұр-Сұлтанда жұмысын жалғастырып жатыр», - деп ақпаратты жоққа шығарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық