Telegram қазақ тілін қосты

cover

Telegram әлеуметтік желісінде қазақ тілі қосылды.

Бұл туралы ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Telegram әлеуметтік желісі тіл параметрлеріне ресми түрде қосылды» делінген хабарламада.

Қазақ тілін iOS және Android жүйелерінде, сондай-ақ қосымшаның веб-нұсқасында қолдануға болады. Тілді өзгерту үшін параметрлерге өтіп, «Тіл» тармағын таңдап, Kazakh басу керек.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар