«Телеарнаның базары тарқамақ»: «Ел арна» жабылуы мүмкін
Фото: Khabar.kz
Отандық «Ел арна» арнасы наурыз айынан кейін жабылуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы журналист Диас Нұрақын өзінің facebook парақшасында жазды.
Биыл 25 жылдығын тойлағалы отырған ұжым наурызда соңғы эфирлерін шығарып, кейін жабылуы мүмкін. Ұжымда 50 шақты қызметкер жұмыс істейді екен.
«Соңғы 25 жылда көрмеген құқайы жоқ. Біресе жастар, біресе отбасылық, тіпті танымдық телеарна болып сан өзгерді. Осындай аумалы-төкпелі заманда "өз-өзін ақтамайды" деген желумен 2014 жылы жауып тастады. Тек 2017 жылы кино көрсететін арна болып қайта ашылды. Биыл 22-наурызда "Ел арнаға" 25 жыл толады. Шамасы осы тойдан кейін телеарнаның базары тарқайтын сияқты. Себебі дайын тұрған арнаның жиілігі (волнасы) бәз біреулерге керек болып жатыр деседі», - деп жазды журналист.
Диас Нұрақын 25 жылдық тарихы бар арнаны жабу қисынсыз екенін айтады. Телеарнаны қайта ашу да өте қиын жұмыс екенін алға тартты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық