Тексеру кезінде Жамбыл облысы спорт саласы кассасында 7 млн теңге жетіспеген
Жамбыл облысында Тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит нысандарының лауазымды тұлғаларына 9 хаттама толтырып, жалпы сомасы 931,5 мың теңге айыппұл салды.
Себебі аталған комиссия аудитке ілінген мекемелердің бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағанын және (немесе) тиімсіз пайдаланғанын анықтаған.
«Тараз-Арена» кәсіпорыны бойынша өтелуге жататыны қаржылық бұзушылықтар 16 102,9 мың теңге. Атап айтқанда: 2021 жылы кассада 7 288,1 мың теңге қаражаттың жетіспеушілігі және 2021-2022 жылдың 01-қазанына жалпы сомасы 8 814,8 мың теңге еңбек ақылары артығымен негізсіз төленген.
Мысалы комиссия келтірген төмендегі жазбада еңбекақы төлеу туралы бұзушылықтар нақты көрсетілген.
«№5 ОМБЖСМ КММ-сі ғимаратының үй-жайларын күрделі жөндеу» бойынша:
- жүргізілген жұмыстың көлемі мен атқарылған жұмыс актісінің (Ф-№2) сәйкестігіне тартылған сарапшымен бірлесе жүргізілген бақылау өлшемі нәтижесінде 44 990,9 мың теңгеге сметалық құжаттамада көзделген жұмыстар орындалмағаны анықталды;
- қысқы уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезіндегі 1 001,9 мың теңге қосымша шығындар негізсіз төленген;
- қосылатын жұмыстарға арналған сметалық құжаттамасына қосылған жұмыс құны 4 074,1 мың теңгеге негізсіз ұлғайтылған.
Авторы: Исламбек Дастан, Жамбыл облысы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық