Тексеру барысында «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметінен 160 заң бұзушылық табылды
Сурет ашық дереккөзден
Акционерлік қоғамның өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді арнайы жұмыс тобы жалғастыруда.
Жаңаөзенде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ арнайы тобы жұмысын жалғастыруда. Есепке сәйкес, қазірдің өзінде экономикалық қызметтің 55 нысаны, оның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 17 өндірістік құрылымдық бөлімшесі, сегіз мұнай кәсіпшілігі сервистік ұйымы және 30 үшінші тарап мердігер ұйымы талдаудан өткен.
«Өзенмұнайгаздың қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру барысында алдын ала 160 бұзушылықтар мен сәйкессіздіктер анықталды, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап алу үшін құқық қорғау органдарына жеті факті жіберілді:
10 факті бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде;
101 факті бойынша жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылатын болады.
Құқықбұзушылық фактілері бойынша келтірілген залал мөлшері іс жүргізу және реттеу шараларының қорытындысы бойынша анықталады» делінген арнайы топ таратқан хабарламада.
Құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс жүргізіліп жатқаны нақтыланды. Анықталған заңбұзушылықтар туралы жедел түрде прокуратура мен полиция органдарына хабарланады, олар өз кезегінде өз қызметтеріне сәйкес әрекет етеді.
«Олар тергеу әрекеттері мен шараларды жүргізіп жатыр, сондай-ақ кеше «Өзенмұнайгаз» бас директорының орынбасарын Экономикалық тергеу департаменті ұстады», - деді ҚМГ басқарма төрағасының орынбасары, арнайы жұмыс тобының жетекшісі Дәулетжан Хасанов.
Ол комиссияның жұмысы әлі аяқталмағанын, көптеген фактілер бойынша қызметтік тексерулер жүргізіліп жатқанын түсіндірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық