Текеліде сел салдарынан 5 жасар қыз жоғалып кетті
Облыстық ТЖД
Бүгін түскі он екілер шамасында Текеліде сел салдарынан лай көшкіні жүрді. Бірнеше үй су астында қалды. Белгілі болғандай, олардың бірінде 5 жасар қыз жоғалып кеткен.
«Сағат 12:00-де Қонаев көшесінің бойындағы 350, 348 үйлер ауданында топырақтың батпақтануы салдарынан тұрғын үйлерге лай көшкіні жүріп өткені туралы хабарлама түсті. Үй иелерінің айтуынша, 5 жасар қыз жоғалып кеткен. Жергілікті атқарушы органдар лай көшкіні салдарын жою үшін штаб құрды. Зардап шеккен отбасылар қауіпсіз жерге көшіріледі» деп нақтылады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Текеліде селден жоғалып кеткен 5 жасар қызды 200-ден астам адам іздеп жатыр.
Ресми мәлімет бойынша, 5 үй лай астында қалып, оның біреуі сүрілген. Бала дәл осы үйде болған.
Қазір сол жерде штаб құрылып, мамандар жұмыс істеп жатыр, жұрт топ-топқа бөлініп, өзара бөлініп, жоғалған қызды іздеп жатыр. Оған кинологтар тартылған. Әзірге нәтиже жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық