«Тек орыс тілінде қызмет көрсетеміз»: дүкенде арандатушылық тудырған әйелге үкім шықты
Фото: freepik.com
Павлодар қаласында әйел тек орыс тілінде қызмет көрсеткісі келгені үшін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша істі қарады.
Сотта анықталғандай, 2025 жылғы 16 қаңтарда азаматша Н. Павлодар қаласы Лермонтов көшесіндегі дүкеннің кіреберіс есігі мен сөресіне «Тек орыс тілінде қызмет көрсетеміз» деген мазмұндағы хабарламаны жапсырған. Осылайша, ол қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, айналасындағыларға құрметсіздік танытатын әрекеттер жасаған.
«Н. өз кінәсін толық мойындап, өкінді. Ол өз әрекетін оның «Маған бір фарш беріңізші» деген өтінішіне сатушының орысша сөйлеуін талап етуімен түсіндірді. Бұл оның осы әрекеттерге баруына түрткі болған. Н-ның кінәсі оның түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, бейнежазбамен, сондай-ақ басқа да іс материалдарымен анықталды», деп хабарлады Павлодар соты.
Сот павлодарлық азаматшаны кінәлі деп тауып, 55 048 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған: Экс-ҰҚК төрағасына ресми түрде айып тағылды
- АҚШ-та Трамптың бейнесі бар паспорт шығады
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы
- Сәби саудасы мен еңбекке жегу: ІІМ қылмыстың топтардың ісін әшкереледі
- «Дружба» құбыры жабылды: Қазақстан мұнай экспортын қайда жібереді?
- Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды
- Таяу Шығыстағы ахуал: БАӘ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығады
- Дәрігерлер әйелден салмағы алты келіден асатын ісікті алды
- Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойына ай сайын 1 миллион теңге зейнетақы береді
- Алматыда орталық қалалық ауруханаға 2,5 млн теңге айыппұл салынды
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- «Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады