Тегін тіл үйрену саябағы
Фото: Gov.kz
Алматыда қазақ және шет тілдерін оқыту бойынша тегін курс ұйымдастыруға бағытталған «Тілдер саябағы» қалалық әлеуметтік жобасы ашылды.
Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.
Алматы қаласының ірі саябақтарында қала әкімдігінің қолдауымен «Тілдер саябағы» лингвистикалық жобасы іске асуда.
Серуендеп жүріп қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай және корей тілдерінен тегін сабақ ала аласыз. Сабақтар аптасына 3 рет өткізіледі, 6 жастан 60 жасқа дейін барлық ниет білдіруші қатыса алады. Жоба аяқталған соң қатысушыларға тілді меңгеру деңгейін растайтын сертификат беріледі.
«Жобаға басқа да шет тілдері қосылады. Бұл жоба қыркүйектің соңына дейін екі ай бойы жұмыс істейді. Жобаның ең белсенді қатысушылары үшін күзгі-қысқы уақытта ауданның комьюнити орталықтары базасында оқу жалғасады. Осылайша, жоба қала тұрғындарын жыл бойы оқытады», - деді жоба ұйымдастырушылары.
«Тілдер саябағы» аясында сабақтар барлық ауданда бір мезгілде өткізіледі. Курстың кестесін мына сілтеме бойынша көруге болады:
Жаңалықтар
- Ақтаулықтар кәдеге жарату алымын төмендетуді талап етті
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған: Экс-ҰҚК төрағасына ресми түрде айып тағылды
- АҚШ-та Трамптың бейнесі бар паспорт шығады
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы
- Сәби саудасы мен еңбекке жегу: ІІМ қылмыстың топтардың ісін әшкереледі
- «Дружба» құбыры жабылды: Қазақстан мұнай экспортын қайда жібереді?
- Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды
- Таяу Шығыстағы ахуал: БАӘ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығады
- Дәрігерлер әйелден салмағы алты келіден асатын ісікті алды
- Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойына ай сайын 1 миллион теңге зейнетақы береді
- Алматыда орталық қалалық ауруханаға 2,5 млн теңге айыппұл салынды
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- «Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды